Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:59
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТТІ

Қызылордада «Centre Nova Diagnostic» клиникасының жаңартылған ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС бас директоры Жұмабек Жанықұлов қатысты.
Клиника толығымен құрал-жабдықтар базасын қайта жаңартып, ұсынылатын қызмет түрлерін де арттырды. «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамынан 17% үстемемен 180 млн.теңге несиені рәсімдеді және оның 7% үстемесін мемлекет субсидиялауда. Өз кезегінде компания банк алдындағы кепілмүлікпен қамтамасыз етудің жетіспеушілігін оң шешуге мүмкіндік берген «Даму» Қорының 50% кепілдендіруі арқылы несие қаражатына қол жеткізді.
Бүгінде «Centre Nova Diagnostiс» ЖШС медициналық қызмет көрсету бағытындағы үнемі үздіктер қатарынынан көрінетін орталық. Оның Қазақстанның алты қаласында өз филиалдары бар.
Филиал директоры Ғалымжан Шабдаровтың сөзінше, компания өз жобаларын мемлекеттік қолдау аясында осымен бірнеше рет жүзеге асырған.

http://syr-media.kz/news/memlekettik-oldau-ar-yly-au-ymyn-ke-ejtti/

Просмотров: 859 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]