Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 31 » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ АРТУДА
16:04
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ АРТУДА

Ұлт денсаулығы да жекелеген адамдардың денсаулығы секілді. Сондықтан, мемлекетіміз денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлуде. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігін баса айтқан болатын.

Денсаулық саласындағы басты талап - медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауданымызда айтарлықтай жұмыстар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, Аманөткел, Қаратерең елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, денсаулықты қолдау бағытында бірқатар шаралар нәтижелі болып, алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулары өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайып отыр. Ауданымыздың демографиялық көрсеткішіне бала туу санының артуы айтарлықтай ықпал етуде. Ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі еліміз үшін үлкен әлеуметтік жоба ретінде денсаулық сақтау саласына тың серпін беретіні анық.

Елбасымыз жаңа жүйені енгізер алдында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған жайттарды ескеруді тапсырған болатын. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін, азаматтарымыздың денсаулыққа жұмсайтын шығындары төмендейді.

Сондай-ақ, тұрғындарды аталған қызметке кететін елеулі шығындардан қаржылық тұрғыда қорғауға, жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігін және қаржылық тұрақтылығының кепілін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Президентіміз заңнамалық тұрғыда барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізуді де Үкіметке тапсырды.

Біздің ауданымызда да жаңа талаптарға сай, медицина қызметкерлеріне үнемі біліктіліктері мен білімдерін жетілдіріп отыру міндеттеліп, үлкен жауапкер шілік жүктелуде. Медицина қызметкерлері сол үдеден табылу мақсатында еңбек етуде.

 

Амантүгел КІРБАСОВ,

«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

бас дәрігерінің орынбасары

 

Сурет arnapress.kz сайтынан алынды

«Толқын» газеті, 31 қазан 2017 жыл

Просмотров: 51 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.