Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:26
Медицинадағы жаңа жобалар

Патронаж мейірбике»

Бұл патронаж мейірбикелер мен жас ата-аналардың кішкентай балаларға күтім жасауына көмектесуге арналған мобильді қосымша Ұлыбритания, Австрия, Шығыс Еуропа елдерінде пайдаланылады. Жоба Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп әзірленген.

"Патронаж мейірбикесі" мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру жұмыстарын жеңілдетеді. Яғни, мейірбикелер үй жағдайында балаға көбірек көңіл бөледі. Бала екі жасқа толғанша ата-ана үй жағдайында баланы қаратып, мейірбике сол жерде-ақ мәліметтерді қосымшаға енгізе алады. Сондай-ақ онлайн-режімде баланың жағдайы туралы мониторинг жасауға мүмкіндік туады.

«Электрондық денсаулық төлқұжаты»

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген емделушілерге арналған электрондық денсаулық төлқұжат (ЭДТ) әр адамға өз денсаулығы туралы ақпаратты, дәрігерлердің ұсыныстары мен ескертулерін, клиникалық шешімдерді көруге мүмкіндік береді.

Бір айта кетерлігі, жобаның дәрігерлерге және емделушіге арналған екі нұсқасы болады. Мысалы, халықаралық стандарттар мен дәрігерлер этикасына сәйкес емделушіге диагнозды белгілі бір психологиялық дайындықтан кейін хабарлайтын жағдайлар болуы мүмкін. Ондай жағдайда ақпарат емделушіге дәрігерлер консилиумынан кейін 20-25 күннен кейін қолжетімді болмақ.

«Бірыңғай электрондық пошта сервисі»

 

Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жобаларының бірі – Бірыңғай электрондық пошта сервисі. Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталында @med.mail.kz атты домен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналады.

Аталған сервис барлық медицина қызметкерлеріне бірыңғай ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жоба биыл барлық медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады деп жоспарланған. Бұл қызмет арқылы медицина қызметкерлері Қазақстан бойынша кез келген әріптесіне поштамен хат жібере алады. Денсаулық сақтау министрлігі де осы қызмет арқылы қызметкерлерге тікелей хат жолдау мүмкіндігін алады. Ақпарат алмасу жылдамдығы өте жоғары.

Енді «Қазақтелеком» АҚ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрігерлерге электрондық түрде жазылу, дәрігерлер мен емханалар рейтингі секілді жобаларды қарастыруда. Сонымен қатар емханалардың бухгалтерлік есеп жобасын ерекше атап өтуге болады. Ол бюджеттік процестердің айқындығын және медициналық ұйымдар қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алуды қамтамасыз етеді.

 

Әзірлеген А.Сағида

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/1998-medicinaday-zhaa-zhobalar.html

Просмотров: 121 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]