Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:52
МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫ ЖЕКЕГЕ ӨТУДЕ

 

Қаржы министрлігі республикалық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін сату бойынша өткен жылдың қорытын­дысын шығарды. Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жос­па­рына сәйкес, республикалық меншіктегі ден­саулық сақтау саласындағы 5 объекті же­­кенің қолына көшкен. Оның ішінде екеуіірі нысан. Олар өткен жылғы желтоқ­санда са­тылды. Жалпы алғанда, мем­лекеттік медұйымдарды саудаға шығарудан былтыр 18 миллиард 246 миллион теңге түскен.

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жос­парында медицина саласында мем­лекетке қолдау болар жеке секторды өркендетуге бағытталған міндет қойғаны мәлім. Атап айтқанда, Ұлт жоспарының 81-ші қадамы «жекеменшік медицинаны дамытуды», «медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізуді» көздейді. Бұл үшін бәсекелестік есебінен қызметтің қол­жетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медици­налық сақтандыру жағдайындағы бас­тапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру «бәсеке есебінен меди­циналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамта­масыз етпек». Сондай-ақ мемлекеттік ме­дициналық ұйымдарды жекешелен­діруді ынталандыру, оның орнына мем­лекеттік емес клиникалар арқылы тегін медициналық көмектің кепілден­дірілген көлемін беруді кеңейту жүзеге асырылуда.
Сонымен Қаржы министрлігінің дерегінше, 2017 жылы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ы 6 миллиард теңгеге өткізілген. Ол екі кезеңді рәсім­дер арқылы конкурс түріндегі сауда-сат­тықта сатылды. Бұл ретте жаңа қожайын­ға ор­талықтың қызмет бейінін және көр­­се­тілетін медициналық қызметтерді кем дегенде 5 жыл ішінде сақтау шарты қойылып отыр.
Тағы бір ірі нысан – «Қазмедтех» АҚ-ының ақырғы бағасы 5 миллиард 801 млн теңгені құрады. Оның қызмет бейінін және «ҚазМедТех» АҚ қызметінің әлеу­меттік бағыттылығын, оның ішінде «қар­жы лизингінің бұрын жасалған шарттары бойынша лизинг сыйақысы мөлшер­ле­месін ұлғайтпау», «cенімгерлік басқару мерзімі кезінде денсаулық сақтау мем­лекеттік ұйымдары үшін лизинг ұсыну­дың қолданыстағы шарттарын сақтау» талабы қойылған. Осылайша, ұйым «кейіннен сатып алу» құқығымен әзірге 3 жылға cенімгерлік басқаруға берілді.
Әу баста ұйым 6,8 миллиард теңгеге саудаға қойылған болатын. Түсіндіре кетер жайт, Қазақстанда ауруханалар мен ем­ханалар үшін дәрі-дәрмектерді жеткізуге «СҚ-Фармация», ал меди­циналық тех­ни­каны, құрал-жабдықтарды сатып алуға – «ҚазМедТех» жауап береді. 2010 жылы құрылған компания медтехниканы сатып алып, ары қарай денсаулық сақтау ұйым­дарына лизинг негізінде береді.
Өткен жылы «Академик Б.Жарбо­сынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ-ы да жеке секторға кетті, ол тендер арқылы 1 миллиард 105 млн теңгеге сатылды. Оған да «негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтау шарты» бекітілген.
Бұдан бөлек, «Құрмет белгісі» орденіне ие «Қазақ көз аурулары ғы­лыми-зерттеу институты» АҚ мемле­кеттік мекеме болудан қалды. Ол да тендерде 2 миллиард 300 млн теңгеге сатылды. Көз клиникасы негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтауға міндетті.
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» бұдан қым­батыраққа, 3 миллиард 40 млн теңгеге жекешелендірілді. Академия негізгі қыз­мет бейінін 10 жыл бойы сақтауға тиісті.
Министрліктің хабарлауынша, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу кезеңінде тұтастай алғанда, республикалық меншіктегі денсаулық сақтау саласындағы 9 объекті 23 миллиард 434 млн теңге сомасына сатылған.

 

Айхан ШӘРІП

https://aikyn.kz/2018/01/09/38308.html

Просмотров: 129 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]