Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 10 » МЕДБИКЕ МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ
14:31
МЕДБИКЕ МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ


 
Сырқаттанғанда қасыңыздан табылатын, қысылғанда қол ұшын беретін медицина қызметкерлерінің бірі – медбике. Әдетте науқастанып қалған жандарға аялы алақанымен, жылы қабағымен қуаныш сыйлайтын медбикелер жөнінде көп айтылады. Себебі ақхалатты жандардың еңбегі оразан зор. Бүгінде медицина саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақхалатты жанның бірі – Шынар Мырзағали. Ол Қызылорда қаласының тумасы. №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің түлегі. Оңтүстік Қазақстан облысының «Авиценна» медициналық колледжін қызыл дипломмен тәмамдаған. Еңбек жолын «Аққуым» балабақшасында мейірбике болып бастаған. Бүгінде №3 қалалық емханада әлеуметтік қызметкер. Жалпы әлеуметтік қызметкер өңірдің әр емханасында қызмет атқарады. Басты міндеті – қарттар мен мүгедек жандарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Иә, бүгінде әлеуметтік қызметкерлер саны саусақпен санарлық. Сондықтан олардың жұмысы құрметтеуге тұрарлық. Жалпы дәрігерге деген қошемет ерекше бізде. Кейіпкеріміз жұмыстың ауыртпалығына қарамай күн-түн демей тынымсыз еңбек етеді.
– Дәрігер болу арманым еді. Болашақта оқуымды жалғастырып білікті маман болғым келеді. Мақсатым – ауырып, жанына шипа іздеген науқасты емдеп, жазу. Әлеуметтік қызметкердің жұмысы ауыр. Дегенмен өзің қалаған мамандық болғандықтан қиыншылығын сезінбеймін. Қарттар мен мүгедектерге көмектесу әр тұлғанын парызы, – дейді Шынар Қадырханқызы.
Оның денсаулық сақтау министрлігі және мекемелерден алған марапаттары жетерлік. Ең бастысы, ол бір ұл тәрбиелеп отырған ана. Аяулы жар. Медицинаға бет бұрған Шынар ортасында белсенді. Қызметіне жауапты, әр ісіне тиянақты. Науқасқа байсалды қалпымен, жайдарлы мінезімен ұнайды. Науқастардың Шынарды іздеп емханаға келетінін естігенбіз. Алайда оған өзімізде куә болдық. Таңданып қарасақ та, ақсақалдың батасын алған сары қызға ризалық таныттық. Ақ халатты дәрігерлерді «абзал жандар» деп бекер атамаса керек халық арасында. Адам жанының арашасы атанған бұл кісілердің қоғам үшін, жалпы адамзат үшін қылар қызметін өмірімізден бөліп қарастыра алмайтындығымыз да рас. Көңіліміздің көтеріңкі, күйіміздің қалыпты болуы көбіне-көп осы жандардың арқасы. Иә, қазір жаңа технологияларды игерген, алғашқы мамандандырылған медико-санитарлық көмек көрсетуде өзіндік шешім қабылдай алатын медбике мамандары қашандағыдай дәрігер мен науқастың арасындағы дәнекерлік қызметінен жаңылған емес. Қарауына бекітілген науқасқа қанатымен су сепкен қарлығаштай жәрдем жасайтын оларға елдің алғысы да зор.

Ерхан АҚЫН

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/medbike-merejli-mamandy/

Просмотров: 22 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.