Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 15 » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
12:39
КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жедел вирусты, табиғи ошақты зоонозды ауруы. Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен тромбогеморрагиялық қызбалық синдроммен жүреді. Бұл аса қауіпті ауру көбінесе маусымдық мезгілдерге байланысты пайда болады. Инфекция көзі- кененің шаққан жері, яғни тері немесе майда жарақаттар, ауру адаммен қарым-қатынас кезінде қан арқылы беріледі. Инфекциямен зақымдалған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді де ретикоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады. Дене температурасы тез көтеріледі. Бастапқы кезеңдердің өзінде жалпылама интоксикация белгілерін байқауға болады. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 14 күн аралығы. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, емдеу, алдын алу, кенеден сақтану шаралары, аурудың зардаптары жайлы халық арасында кеңінен насихаттау-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аурудың алдын алу мақсатында мал иелері ветеринариялық дәріханалардан өз қаржыларына кенеге қарсы препараттар пайдалануда. Соның бірі-Ивермек- иньекцияға арналған ерітінді сұйық дәрі. Паразитарлы ауруларды емдеуге және алдын алуға сиыр, қой- ешкі, түйе мен шошқаға пайдаланылады. Ивермек- түссіз немесе ашық сарғыш боп келеді. Бұл дәрі құрғақ, қараңғы жерде 00 С пен 250 С аралығында сақталу керек. Флакон ашылғасын 24 күнге дейін ғана сақтап пайдалануға келеді. Иньекциядан соң дәрі 10-14 күнге дейін жақсы әсер етеді. Ивермек 50 кг салмаққа 1 мл мөлшерде салынады. Дәрі малдың терісіне жабысып тұрған паразиттерге ғана әсер етіп қоймай, ішкі құрылысындағы көптеген зиянды құрттарды жойып, малдың тез оңалуына септігін тигізеді. Ивермек ерітіндісін буаз малдарға, әсіресе сауын сиырларға салуға болмайды. Дәрі салынған соң 28 күнге дейін малдың еті пайдалануға адам ағзасына қауіпті. Ивермек улы болғандықтан, баланың көзінен таса, қолы жетпейтін жерде сақталғаны абзал. Табиғат аясына, сырт жерге шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру, кене шаққан жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде медициналық емханаға қаралу қажет.

А. МУСАЕВ,
аудандық ветеринария бөлімі басшысы

Cурет Управление Роспотребнадзора по ЯНАО сайтынан алынды

http://tolqyn.kz/kongo-yrym-gemorragiyaly-yzbasyny-aldyn-alu-zh-ne-sa-tanu-sharalary/

Просмотров: 40 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.