Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:01
ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ - ¥ЛТ БАЙЛЫҒЫ

 

Елбасының жуырда жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің келешегінің кемелденуі жолында үлкен рөл атқаратынын көрсетті. Осы орайда, Елбасы Жолдауында, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қадап айтты. Сол мақсатта келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінетін болады. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық қүжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшу арқылы, 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін алға тартты. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында медицинаға бөлінетін ішкі жалпы өнім мөлшерін 10 пайызға жеткізу жөнінде ой салды. Бұл дәрігерлердің кеңірек тыныстауына жол ашады деп ойлаймын. Себебі, осы арқылы денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуы жақсарып, кәсіби біліктілігі көтеріледі және оқуға, шетелдермен тәжірибе алмасуға жол ашылатын болады. Жалпы, дәрігер қауымының жағдайы жақсарып, жұртшылық алатын медициналық көмектің сапасы мен деңгейі артады.

Иә, қазіргі таңда медицина саласы өте қарқынды түрде дамып келеді. Соған байланысты, жаңа технология, жаңа құралдар мен заманауи қондырғылармен қамтамасыз етіліп жатыр. Қолданып жүрген материалдық тұрғыдан ескіріп жатқан құрылғылардың орнын заман талабына сай соңғы үлгідегі аппараттар ауыстыруда. Мұндай жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуына, әрине, қаражат қажет екені анық. Жоғарыда айтылған 10 пайыз осындай жүмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Қазақстан азаматтары медициналық көмектің қай түрін болсын отандық дәрігерлерден алатындай жағдайда екені анық. Бұрынғыдай ем іздеп шетел асу азайған. Елімізде заманауи клиникалар мен мықты мамандар қатары қалыптасып, үстеме қолдау медицинаны одан әрі өрістету үстінде, Және де Елбасы Жолдауында осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластердің тәжірибесін пайдаланып, биыл Астанада Үлттық ғылыми-онкологиялық орталықтың құрылысын бастауға тапсырма берді. Президенттің онкологиялық аурулар қажетіне арналған республикалық аурухана ашу керек деген тапсырмасы да өте дұрыс және өзекті деп есептеймін. Жасыратын несі бар, кейбір науқастар дерті асқынғанша жүре беретіні рас. Егер республикалық көлемде үлкен орталық ашылса, оның көмегі қай жағынан да жоғары болатыны сөзсіз. Аурудың неғұрлым диагнозы тезірек анықталса, пациенттің емделуі де, өмір сапасы да жақсара түседі. Елбасының биылғы Жолдауда медицина саласына қатысты әрбір айтқан ойын қолдауымыз керек. Аталған саланы дамытып, өрістетуге даңғыл жол ашу – Гиппократ антына адал жандардың міндеті.

 

Фотосурет Strategy2050.kz сайтынан алынды.

 

Ж.АЙТЖАНОВ,

Қамыстыбас ауылдық

емханасының меңгерушісі

 

Арал аудандық «Толқын» газеті.

6 қараша 2018 жыл.  

Просмотров: 16 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]