Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:41
КЕМСІТУГЕ ЖОЛ ЖОҚ


Қазақстандағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту және олардың стигмасымен күресу жөніндегі Ұлттық жоспарға қол қойылды

2018 жылғы бірінші наурыз қарсаңында «Кемсітушілік жоқ» күніне орай Қазақстанда 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстандағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды (АӨА) кемсіту және олардың стигмасымен күресу жөніндегі Ұлттық жоспарға қол қою рәсімі болып өтті. Құжатқа Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин және АӨА Қазақстандық Одағының президенті Нурали Аманжолов қол қойды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсынан хабарлады.

Ұлттық жоспарда қоғамдағы, сонымен қатар, медициналық мекемелер мен АӨА қауымдастықтарындағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту және олардың стигмасының деңгейін төмендетуге, заңнамалық нормаларды жетілдіруге бағытталған төрт стратегиялық мақсат бар.

- АИТВ-ахуалға байланысты стигма мен кемсітушілік АӨА-дың емделуіне, профилактикасына және олардың қолдау алуына үлкен тосқауыл болады. Қазақстанда АИТВ-инфекциясы індетін тиімді бақылауға алу үшін барлық әлеует бар. АИТВ-ның таралуын тоқтату үшін кемсітушіліктің толық жойылуына ерекше мән беру қажет, оны ең алдымен медициналық мекемелерден бастау қажет. Бұл жағдай АИТВ-инфекциясы індетінің өсу қарқынын айтарлықтай қысқартуға септігін тигізетін болады, - деп айтып өтті ЖИТС РО бас директоры Бауыржан Байсеркин.

2015 жылы Қазақстанда халықаралық ұйымдардың бастамасы бойынша АӨА стигма индексін зерттеу жүргізілді. Ол Орталық Азияның үш еліндегі стигма индексін кең ауқымда зерттеудің бөлігі болды (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан). Зерттеу аймақтардағы АӨА тобын сипаттауға, стигматизация, кемсітушілік және құқықтарды бұзушылықта негізгі «қауіп» нүктелерін анықтауға, сәйкесінше, осы саладағы бағдарламалардың перспективалық және лайықты даму бағыттарын көздеуді сипаттауға мүмкіндік берді. Мұның барлығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту және олардың стигмасымен күресу жөніндегі Ұлттық жоспарда көрініс тапты.

Құжатқа қол қою кезінде АИТВ-инфекциясы саласында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері және азаматтық белсенділер #тыНЕодинок #YouAreNotAlone кампаниясына бастау берді, оны 2018 жылғы 1 наурыздағы «Кемсітушілік жоқ» күні бойынша ШЕОА елдері үшін ЮНЭЙДС-тің аймақтық офисі ұйымдастырды. Кампания әлеуметтік медиаларда бастау алды. Бұл жағдай әрбір АИТВ-ахуалға байланысты өзінің пікірін білдіргісі келген адамға айтуға және #тыНЕодинок #YouAreNotAlone кампаниясының хэштегі бойынша көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.

https://syr-media.kz/news/2166-kemstuge-zhol-zho.html

Просмотров: 102 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]