Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 23 » КҮНІНЕ БІР АЛМА ДӘРІГЕРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛДЫ ЖАБАДЫ
10:03
КҮНІНЕ БІР АЛМА ДӘРІГЕРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛДЫ ЖАБАДЫ

Күніне бір алма дәрігерге апаратын жолды жабады Адам күніне бір алма жеп отырса, әртүрлі аурулардың алдын алады. Оның бар дәрумені қабығында, сондықтан қабығын ашпай жеген дұрыс. Тіпті Ұлыбританияда арнайы «Күніне бір алма дәрігерге апаратын жолды жабады» деген мақал да бар.

Алманың пайдасы түсіне байланысты. Халық емі бойынша қызыл алма жүрек пен қан тамырларына, жасыл алма тіс пен қызылиекке, ал сары алма иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бір алмада шамамен 70-100 калория болады, сондықтан ол көптеген диеталық тағамдар құрамына кіреді. Ең пайдалысы – кескен кезде тез қарайып кететін алма. Осылай оның сапасын анықтауға болады. Ортасы тез кебетін алма микроэлементтер мен дәрумендерге бай, құрамында зиянды заттар жоқ. Америкалық миллиардер Рокфеллер шағын кәсібін алма сатудан бастаған. Әлемдегі әр екінші ағаш – алма ағашы. Ол жер бетінде барлығы 5 миллион гектарды құрайды. Жер жүзіндегі ең көп таралған жеміс те – алма. Әлемде алманың 20 000-нан астам сорты бар. Алма әлемде көп тарағаны сонша, басқа жемістерді де онымен салыстыра айтатын болған: қызанақ – алтын алма, картоп – сайтан алма, апельсин (мандарин) – қытай алмасы, лимон – үнді алмасы. Алма ең көп өсетін жерлер – Қытай, АҚШ, Түркия. Ескі аңыздар бойынша, алма білімнің, кемеңгерліктің, күн шуағының символы саналады. Парсы елдерінде алма туралы аңыз бар. Егер бір арман ойлап, артынша күн сайын үрлеп қырық алманы жесең, арманыңа жетесің. Егер алманы суға салсаңыз, ол батпайды. Себебі төрттен бір бөлігі ауадан тұрады.

http://zhambylnews.kz/

Просмотров: 42 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.