Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2018 » Наурыз » 27 » КҮЙЕ ЖАҒЫЛДЫ, АУЫЗ ЖАБЫЛДЫ
14:08
КҮЙЕ ЖАҒЫЛДЫ, АУЫЗ ЖАБЫЛДЫ


Ауру кірді дегенше, әлек кірді дей беріңіз. Дене­мізге­ дерт  «қонақтаса», әп-сәтте  жан-тәнімізді дел-сал  етіп, дәріге  кіріптар  қылып  қоятынын  қайтер­сіз?! Ал осы кезде Алланың қалауымен адамның жанына­  араша түсер тек ақхалаттылар екенін тереңірек­ сезіне түсетініміз шындық. Ауырып, жан мұрынның  ұшында  тұрғандай  көрінгенде, дәрігердің сөзі біз үшін  патшаның әмірінен кем түспейді. Себебі­,  «дәрігер  дәрімен емдемейді, сөзімен  емдей­ді» дейді халық. Ал қазір ше? Шалғай елді мекенде­р­дегі  медицина қызметкерлері өзінің кәсі­біне һәм Гиппок­рат антына қаншалықты адал? Сіз қай емхананы­ң қызметіне жүгінесіз, көзіқарақты оқырман? Ауруханада ем алу, демалу үшін бір қойдың құнын  төлемейтін  шығарсыз?
«...Алайда қынжылтатыны сол, даңғарадай ғимарат­ы  бар, барлық жағдайы жасалған ауылдық емхан­а қызметінің өте төмен деңгейде болуы еді». Әңгіменің әлқиссасынан-ақ, бұқараның ақхалат­тыларға  деген  базынасы мен көңіл толмаушылығының лебі оңай байқалады. Бұл – Қазалы ауданы, Жанқож­а батыр ауылының бір топ тұрғынының редакци­яға «аттандырған» электронды хатынан үзінді. Естеріңізде болса, хаттың толық нұсқасы басылымның 15 наурыздағы нөмірінде жарияланған еді.
Иә, батыр бабамыздың туған же­ріндегі жұрт дәрігерлерге неліктен өк­пе­лі? Хатта айтылғандай, ауылдық емхана қызметкерлері жұ­мысына салғырт қараған. Осыдан екі ай бұрын қайтыс бол­ған отбасыға дә­рігер  барып: «Өле­тін адам өлді. Енді не қыласыңдар?» деген­і де қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға төбеден  жай  түскендей  әсер  қалдыратыны айқын. Ал одан да сорақысы, бір шаңырақ жалғыз ұлы­ның ажал құшуына дәрігерді кінәлі санайды. Себебі, дәрі­гер шақыртылған уақытынан кеш кел­ген­ және жедел жәр­дем көлігі ол уақытта  ауылда болмапты. Дәрігердің нау­қасқа қойған диаг­нозы да дұрыс болмаған. Бұл туралы биыл­ғы 28 ақ­панда өткен Арық­балық ауылдық округі бо­йынша жер­гілікті қоғамдастық  өкіл­дері  алдында «Жан­қожа» дәрігерлік амбул­ато­риясының  2017 жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдау жи­на­лысында мар­құм­ның  жақыны Жеткерген Бектібай айтқа­н. Бұған ау­дандық ауруханының бас дәрігері  К.Әбілов:
- Бұл мәселе бо­йынша ауылдық емха­на дәрігеріне қатаң сөгіс жазасы қолданылды. Қателік орын алғаны рас, жедел­ жәрдем көлігіне келер болсам, ол күні Қызылорда  қаласына  іссапар­ға жібе­ріл­ді. Облыс орталығына  басқа науқасты алып  кеткен. Ауылдық емхана дәрігері науқасты өзге көлікпен аудан орталы­ғына  жеткізіп  тексертіп, ем алу керектігін ескерткен. Бірақ науқасты ауруханаға жатқы­зуға еш себеп болмаған. Сол үшін ауылдық емханадан ем алу үшін қайтарған. Алайда науқас түн мезгілінде қайта ауырып, соның салдарынан өмірден озып отыр. Ауданда жедел жәрдем көлігі жеткілік­сіз бол­ғандық­тан, кей жағдайларда ауылдық емханалардың   көлігін  пайдалануға  тура  келеді­. Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тапты деп ойлаймын.  Өйткені  ауруханаға 2 жаңа көлік алып отырмыз. Алдағы уақытта ауылдық емхана көлі­гінен  көмек  сұрау  тоқта­тыла­ды, - депті.
Сондай-ақ хатта сөз бол­ғандай, жеде­л жәрдем жүргізушісінің үйінен жанар-жағармайдың сатылуы, дәріхананың ашылуы секілді жайттар тұрғындардың көңіліне күдік ұялатыпты. Әдетте­  басы ауырып, балтыры сыздаған­ адам ең алдымен дәрігердің көмегіне жүгінетіні заңды. Сондай шақыртулардың кезінде ауылдық аурухана дәрі­гер­лерінен ауыл жұртшылығы «қолым тимей­ жатыр», «қонақ келіп қалды», «үйде адам жоқ» деген сылтауға бергісіз сөздерін  естіген. Естіген құлақта жазық жоқ, жиірек ести бастапты бұл сөздерді. Тағы бір айта кетер жайт, сырқаттанып жатқан адам дәрігерлерді шақырса, медбик­ені  жібереді. Сосын олар нау­қастың жанында отырып алып науқастың  жайын дәрігеріне баяндап, қандай ем көрсету керектігін сұрап жатады делін­ген  хатта.
Аталмыш  хат газет бетінде жарық көргеннен  кейін  облыстық денсаулық сақтау басқармасы оперативті түрде мәселенің анық-қанығын білуге кірісті. Басқарманың баспасөз хатшысы Нұржамал Бектайқызымен бірге біз де «бір топ тұрғындардың жанайқайы жеткен­»  ауылға  аттандық. Аудандағы су  жаңа  ауруханаға бас сұғып, аудандық  аурухананың  бас  дәрігері Күн­шы­ғар Әбілұлымен сөйлестік. Жазыл­ған жайт  төңірегіндегі уәжін  тыңдадық.
- Ауруханаға, қажетті  медициналық аппараттарды  алуға  барлығы 1 млрд 300 млн теңгедей қаржы бөлінді. Оның үстіне қосымша 400 млн теңге ангиограф аппаратын алуға бөлінді. Бүгінде емханамызда 154 дәрігер, 758 орта буын медиц­ина қызметкері бар. Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Интер­нет жүйесі барлық емханаларда жұмыс істейді. Шалғай жатқан елді мекенд­ерде облыс әкімінің қолдауымен келеше­кте қосылады деп жоспарлануда. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі кепілде­ндірілген медициналық көмектің түрі әртүрлі санатта ауруына сәйкес, дәрі-дәрмектер беріледі. Дәрі-дәрмектердің барлығы жеткілікті мөлшерде уақытылы қамтамасыз етіліп жүр.
Біз кез келген нәрсеге «реакция» бере­міз. Біз сіздерге өкпелеп отырған жоқпыз. Дұрыс. Бізге ашығын айтсын деп, аудан әкімінің орынбасары, мен бар, бастапқы  медициналық-санитарлық көмек жөніндегі орынбасары, арыз-шағым, аудит жөніндегі орынбасары бәріміз барып­, халықпен кездестік. Әңгімеден түсінгеніміз, бізге соны жазған адамның неге фамилиясын айтпайды дегендей қылды. Бірақ ел болған  соң,   «шөптің басы  қимылдамай  тұрмайды», арасында өкпе-қақпалары бар, олар наурыз­  айының  алдында  бір-бірімен  татул­асты. Біздің дәріхана ашып, оны ұстап  тұратын  мүмкіндігіміз  жоқ, дәріні  аудан­дарға  қатынап жүрген медицина­  маманына  жүктейміз. Халық 150  шақырым  жерден  бір  аспиринге  бола келмесін дейміз. Көп болса, ауданда 20 теңге тұратын аспирин ол жаққа барып­ 25 теңге болуы мүмкін. Оны да кеше түсіністі. Ал науқасқа дәрігер емес, медби­кенің келуін айтсақ, замануи алдыңғ­ы  қатарлы  елдер­дің  медицина­сына  бетбұрыс  жасап­  жатырмыз. Қазір бізде сондай бағдар­лама бар. Яғни, дәрі­герге дейінгі көмекті көрсету. Логикалық нәрсе, 1500-2000 халық­қа бір дәрігер жетпейді ғой? Газетт­е жарияланған сын-пікірлермен келіспеймін. Тек түсі­ніспеушіліктер ғана, - дейді Қазалы ауданының  бас  дәрігері  К.Әбілұлы.
Хош. Мұнан кейінгі бағытымыз – Жанқожа батыр ауылы. Ондағы ауылдық ауруханада ауыл әкімінен бастап, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық аурухан­аның бас дәрігері, ауылдық аурухана­ның дәрігерімен бас қосып, пікірлерін  білдік.
Ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағас­ы Әли Шайхыұлы: «Ауыл қаладан­ қашықтау тұрады. Сондықтан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне машинама май ала кел деп ақша береді. Ол артық ақша алмайды. Дәрі-дәрмекті өз ақшасына алу туралы ұсынысты елдің бәрі қолдап отыр. Хатта тек қара жаққысы келген шынын айтқанда. Кеше халық бір дауыспен қол көтеріп, жағдайды басты. Бізге де оңай емес, ауылдан осындай шу шығып жатқаны», - дейді.
Ал ауыл әкімі С.Қуатов: «Елді мекеннің қоғамдық-саяси ахуалына әсер ететін азғантай ғана топ. Қайғылы жағдайдың болғаны рас. Ауылдық ауру­хананың бас дәрігері есебін беріп, болған­ жайтты сыртқа шығармай-ақ қояйық деді. Сөйтіп, екі тарап: мойындаушы және кінәлаушы. Ауылдың бас дәрігері медициналық қателік жібергенін айтты. Сотқа береміз деді. Ал екінші  жақ  болса  келісімге келуді ұсынды. «Жаңадан жұмысқа алынған көлік жүргізушісінің өзі байқамай адамды­ басып кетеді ғой. Сол секілді бұл кісі (дәрігер. - ред.) де әдейі істемеген шығар. Сондай бір жағдай болған шығар»­ деп. Сосын дәрігер де қаттырақ сөйлеп қойып, «Өлетін бала өлді ғой» деген. Бұл адамы қайтыс болған үйдегі кісілердің шамына тиіп кетті. Сонан кейін сондай кішкентай нәрселерді іліп, қоғамдық кеңеске салып, екі жақ келісімге келді. Менің міндетім – елдің ағасы болғаннан кейін елдің ішкі ахуалын дұрыс сақтау. Келісімге келген сияқт­ы  болып  еді, артынан мақала болып­  шығып  кеткен», - дейді.
- Болар  іс  болды.  Бәрі  түсіністі.  Осы жердегілердің барлығы ағайын ғой бір-бірімен: туыс-жекжат, нағашы-жиен. Балалар бәрін түсініп, жауапкершіліктерін мойындап жатыр. Бұл да бір тайпа ел ғой, ел болғаннан кейін әрбір мекеме­ халық үшін құрылған деп есептейміз. Осында жүрген мамандар халық­қа адал қызмет істеуі керек. Жаңағыдай кемшіліктер болады. Оны сондай  жиында өзіміз талқылап алмасақ, сыртта­н келіп ешкім жөндеп кетпейді. Сондықтан өзіміздің ішімізден өзіміз талқы­лап жатқандығымыз, - дейді қоғамдық  кеңест­ің  төрағасы Қонысбай  Ниетә­лиев.
Жанқожа батыр ауылының дәрігері Г.Қожабаевадан  сұрағанымызда, өзінің айтқан  сөзін  бұрмаланған деді. Ал ауыл әкімі дәрігердің «Өлетін бала өлді» деп «қаттырақ» кеткенін басқосу  бары­сында  өз  сөзінде  анық  айтты.
Осылайша газет бетінде жарық көрген хаттағы кемшіліктердің шындыққа жанаспайтынын айтты сала өкілдері. Яғни, хаттағы қателіктерге сенуг­е  еш  негіз  жоқ  екен.

ТҮЙІН. Қай салада болмасын, кәсібіне адалдық танытқанның ары алдындағы абыройы­  төмендемейді. Бұл – аксиома. Мәселен, тілшілер қауымы қаламын «заңсыз сыйлыққа» айырбастамаса, жариялайтын ақпаратын «құнды қағаздармен» алмас­тырмаса, халық алдындағы беті жарық. Ұяты алдында қызармайды. Сол секілді, ақхалатт­ылар  да  науқасқа көрсеткен  қызметі үшін мемлекет беретін айлықтан (оның өзі  халықтан  түсетін  салықтан  алынады)  бөлек, ақша дәметпесе, бұқараның базынасы­  болмайтыны ақиқат. Халық қаласа, хан түйесін сояды. Ал «бір атым  насыбайда­н»  көңілі  қалатын  қазақ үшін сөздің орны ерекше. Жанқожа батыр ауылының­  бас дәрігеріне, ауыл әкімі айтпақшы, науқастың отбасына «қаттырақ» кететіндей­  құқықты  кім  берген деп қалдық, расында. Бәлкім, бұрмаланған болар. Бастысы, екі тарап та келісті. Татулық орнады. Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап деген. Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін, басылым бетіне ақпарат ұсынып, кейін  оны  ешкімнің  мойнына  алмағаны «қызық» бәрінен. Әлде бұл жерде «күйе жағылып,  ауыз  жабылған» біз  білмейтін  бір «құпия» бар ма?

Жазира  БАҒЛАН

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8765:2018-03-24-11-25-31&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6
 

Просмотров: 22 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.