Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:18
Интерактивтік сабақ өткізді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары және Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалының дәрігерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді. Онда Қызылорда облысының 28 мектебінен 1245 оқушысы мен 102 мұғалімі сала мамандарымен тікелей байланысқа шықты.

Сабақ Азаматтық қорғаныстың даму тарихынан басталды. Сабақ барысында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаны бөлімінің аға офицері аға лейтенанты Ж.Жүгінісов Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен принциптері туралы айтты.

Сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник С. Сыздық төтенше жағдайлар кезіндегі қауіп пен қатер туралы азаматтарды құлақтандыру, қауіпсіз аудандарға тұрғындарды көшіру, зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз ету шаралары және оларға панахана ұсыну туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар тыңдаушылар апаттарды жою, авариялық құтқару жұмыстары кезіндегі құтқарушылардың іс-әрекеті және қорғану құралдары туралы тұшымды мәлімет алды.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты туралы имиджді бейнеролик көрсетілді және КТИ-на оқуға қабылданатын үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар туралы қысқаша айтылды.

А.Мейрамбеков,

Қызылорда облысы ТЖД

азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері,

аға лейтенант

http://syrboyi.kz/zedelnews/18052-interaktivtk-saba-tkzd.html

Просмотров: 80 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]