Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:45
ІЛТИПАТ ЛЕБІ – ЖҮРЕКТІҢ ЕМІ

АТАУЛЫ МЕРЕКЕ

ӨМІР АТТЫ ҰЛЫ КҮРЕСТЕ АҚ ЖЕЛЕҢІ ЖЕЛБІРЕП, ЖАР ҚАБАҒЫНА ТАҚАҒАН ЖАНЫҢА ТАЯНЫШ БОЛАР, АНТЫНА АДАЛ АБЗАЛ ЖАНДАР ЖЫЛЫНА БІР КЕЛЕТІН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІН АЛҚАЛЫ ТОПТА АҚЖАРЫЛҚАП АТАП ӨТІП, БІР-БІРІНЕН ІЛТИПАТТАРЫН АЯМАЙ, ЖҮРЕКТЕРІНІҢ ЖЫЛУЫН БӨЛІСІП, БОЙЛАРЫНДАҒЫ БАР ӨНЕР АТАУЛЫНЫ ЖАРҚЫРАТА, ЗАЛ ТОЛЫ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ БОЙЫНА ҚУАТ, ЖАНЫНА ШУАҚ ТӨКТІ.

 

М.Көкенов атындағы аудандық Мәдениет сарайында өткен аудан медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің өзге жылдардан өзгешелігі, салтанатқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов қатысып, өзінің шынайы лебізін жеткізді. Сол сияқты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова сөз алып, аймақ медицинасы жетістіктеріне тоқталды.

– Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандарды қалай ұлықтаса да жарасады. Сөзінің тәттісін, көзінің жақсысын арнап, алдына келген жас- кәрінің жарық өмірге үмітін жалғар жалғыз жебеушісі - шипагерлер шынайы миссиясына қашанда адалдық танытып келеді. Қоғамның басты капиталы – адам денсаулығын жақсартуда Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ұлттық жоспарда» қамтылған барлық мақсат- міндеттерді еңсерген ел медицинасы қарымды қуатқа қол жеткізді. Емдеу нысандарының 73 пайызы заманауи қондырғылармен жарақтандырылды. Биылдың өзінде Жаңақорған ауданында жаңа емхана, Арал, Қазалы аудандарында аурухана ашылды. Өңірлеріміз бойынша жедел жәрдем қызметі бір автоматты жүйеге тіркелді. Жаңадан 43 санитарлық автокөлікпен қамтылғалы отыр. Кадр мәселесінде облыс бюджетінен 140 жас маманды күтіп отырмыз. Облыс әкімі былтыр 11, биыл 20 түлек - болашақ дәрігер мамандарына грант бөлді. Осындай қамқорлықтардың нәтижесінде аймақ ме- дицинасы ахуалы жоғарылап келеді. Ана мен бала өлімі 86 пайыз, туберкулез 10 пайыз, онкологиялық аурулар 8 пайызға төмендеді. Осының барлығында ел саулығы саласында маңдай терін сарқа жұмсап келе жатқан сіздердің әрқайсыларыңыздың айрықша қолтаңбаларыңыз бар, - дей келе мына төмендегі азаматтарды марапаттады.

Олар: Тұрсұлу Ақжігітова Ұлттық Медициналық Ассоциациясының "Мейірім" төсбелгісімен және облыстық басқарма «Алғыс хатымен», дәрігер-терапевт Әбдрейімова Жұлдызай «Сыр медицинасының үздігі» медалімен және саланың «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Бекболат Төлегенов халықаралық дәрігерлер қауымдастығының Боткин атындағы «Науқасқа көрсеткен көмегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» Келінтөбе дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Ахметов Төлбасы, орталық аурухана жандандыру бөлімі меңгерушісі Сопбеков Нұрлан, дәрігер-хирург Абдусаметов Бауыржан, Төменарық дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Оспанова Назым, мейірбикелер Кембилова Гүлнұр, Садықова Гүлбарам, Талап дәрігерлік амбулаториясы лаборанты Марияш Исматова, орталық аурухананың экономист-бухгалтері Нұрболат Қоймағанбетов, орталық аурухана бас аспазшысы Бағдат Шайхисламова, жедел - жәрдем көлік жүргізушісі Закиров Жандос, тубдиспансер тазалықшысы Дүйсенова Зүлфия марапатталды.

Келесі кезекте аудандық аурухана бас дәрігері Сәулебек Искаков әріптестерін құттықтап, бірнеше қызметкерді сала атынан марапаттады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының «Алғыс хатына» Искаков Сәулебек Данеева Тұрғаш, Қаратаев Ерболат, Петова Люба ие болды.

Салтанаттың келесі бөлімі өнер сайысына ұласты. Онда үздік өнер көрсеткен орталық аурухананың «Шипагер» және тубдиспансер бөлімшесі «Тубмюзикл» тобы Бас жүлдені еншілесе, аудандық емхана «Жан дауа» командасы және елдімекендер емханасынан іріктелген «МедLife» өнер тобы 1 және 2 орын- дарды бөлісті. 3 орынды Сүттіқұдықтан келген «Абзал жандар» тобы еншіледі. Жеңімпаздар Диплом және ақшалай-заттай сыйлықтармен марапатталды.

Бастысы орын алу да емес, жауапты қызметтерінің қабатында қалтқысыз өнер үлгісін көрсетіп, ұжым намысы жолында жан алып, жан беріскен сайыс қырандары көңілдерді көл-көсір қуанышқа бөлеп, көрерменнің ыстық ықыласымен қауышты. Ал мұның өзі келер күн кебетіне кемел сыйластықты, ыстық ілтипатты тарту етеді. Өнердің осындай да құдіреті бар.

Баян ҮСЕЙІНОВА

«Жаңақорған тынысы». 17 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 872 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]