Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 31 » Гепатитпен ауыратындарға 4 кеңес
16:53
Гепатитпен ауыратындарға 4 кеңес

Шымкент қалалық №6 емханасының дәрiгерi Ғ.Есенқұлов созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын адамдардың негiзгi өмiр сүру ережелерiн ұсынады. Медицина маманы бұл басымдықтарды неғұрлым ерте басшылыққа алып, оны мұқият сақтай бiлсе, соғұрлым өмiр сүруi ұзара түсетiнiн айтады.

1. Емханада ол инфекционистiң, гастроэнтерологтiң немесе терапевтiң ұдайы бақылауында болуы керек. Бұлереженiң бiрiншi қағидасы.

2. Диетаны сақтау да өте маңызды. Науқас дәрумендерi мол тағамды тәулiгiне төрт рет қабылдауы қажет. Әсiресе, сүт ақуызы, майсыз сүзбе өте жақсы сiңедi. Ең дұрысы, тағам мәзiрiн диетологпен келiскен абзал.

3. Темiрдi қалыптан тыс қабылдау бауырға зиян келтiруi мүмкiн. Вирустық гепатиттi жұқтыру қаупi өте жоғары болғандықтан, бұл дертпен ауыратындар санитарлық-гигиеналық iс-шараларды мұқият сақтағаны ләзiм.

4. Артық салмақты қадағалау да ерекше мәнге ие. Алкогольден, шылым шегуден, күн көзiнде ұзақ болудан мүлдем бас тартқан дұрыс. Майлы сорпаны, семiз балықты, ащы тұздықты және өзге де дәмдеуiштердi пайдаланбауға кеңес беремiз.

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/gepatitpen_auiratindarga_4_kenes20170827_181500  

Просмотров: 78 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.