Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:13
ЕРІК БАЙЖҮНІСОВ: ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ ЖҮЙЕ

Елімізде енгізілгелі отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы не білеміз? Оның халыққа пайдалы тұсы қандай? Денсаулық саласында қордаланған мәселелердің түйінін осы жоба арқылы шеше аламыз ба? Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік Байжүнісовпен әңгімелескен едік.

– Ерік Әбенұлы, еліміздің міндетті ме¬дици¬налық сақтандыру жүйесіне көшкелі отырға-ны ал¬ғаш рет емес. Өткен ғасырдың тоқ¬са¬ныншы жыл¬дары да осы жүйе қолға алынған. Алайда сол кезде енгізілген медициналық сақ¬тандыру жүйесі сәтсіз аяқталып, еліміз қайтадан бұ¬рынғы үйренген үрдісіне оралған еді. Биыл құ¬рылғалы отырған медициналық сақтандыру қо¬ры бұрынғы жүйенің қателіктерін қайта¬ламай ма? Жүйе қаншалықты сенімді? 

– 1995-1996 жылдардағы ахуалды қазіргі жағ¬даймен мүлде салыстыруға келмейді. Ол кезде Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұра бастаған болатын. Халықтың әлеуметтік әл-ақуаты да сын көтермей тұрған кез. Эко¬номикалық дағдарыс нағыз етектен алған тұс¬та еліміз басқа реформалармен қатар, мін-детті медициналық сақтандыру жүйесін ен¬гізуді де қолға алды. Бірақ бұл жобаны сәт¬сіз болды деу қате. Себебі, сол қиын-қыстау кезеңде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық саласын бір саты болса да жо¬ғары көтереміз деген ұмтылыс еді. Ме¬дицинаның инфрақұрылымы әлі қалыптаса қоймаған кезеңде бұл жүйе үш жылдың ішін¬де еліміздің денсаулық саласына нарықтық эко¬номиканың принциптерін енгізуімен ерек¬шеленді. Қазіргі емхана, ауруханаларда қолға алынған өзгерістердің бәрі сол кездегі аз¬ды-көпті тәжірибенің жалғасы деуге бо¬лады. Егер экономикалық қауқарымыз жет¬кенде алғашқы медициналық сақтандыру қо¬ры өзін-өзі ақтауы да мүмкін еді. Алайда сол кезде қорға жұмыс берушілер аударған қаржы күллі республика азаматтарын емдеу-ге жұмсалды. Қарттар мен балалар секілді әлеу¬меттік жағынан аз қорғалған тұрғындар үшін жарна төлеуге мемлекеттің шамасы келмеді. Жергілікті әкімдіктер, әсіресе, ауыл шаруа¬шы¬лығымен айналысатын облыстар бюд¬жет¬тің қысқалығынан қорға қаржы аудара ал¬мады. Осылайша, қаражаттың жетіспеушілігі қордың жабылуына әкелді. Ал қазір міндетті медициналық сақ¬тан¬дыруды енгізудің нағыз оңтайлы тұсы. Әлеу¬меттік жағынан аз қорғалған 14 санаттағы азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлер мен 18 жасқа дейінгі балаларды, мүгедектерді, жазасын өтеушілерді, жұмыссыз азамат¬тар¬ды, студенттер мен тағы басқаларды мемлекет өз қамқорлығына алып, олар үшін жарна тө¬лейді. Бұлардың жалпы саны – 10 миллион¬нан асады. Мемлекет қор үшін жарнаны 2018 жыл¬дың қаңтар айынан бастап төлей бас¬тайды. Оның көлемі – 2016 жылдағы орташа айлық жалақының 3,75 пайызы. Жұмыс істеп жүрген азаматтар 2019 жыл¬дың 1 қаңтарынан бастап, айлығының 1 пайызын қорға құяды, бұл көлем 2020 жылы 2 пайызға ұлғаяды. Осылайша, 2022 жылға қарай жұмысшы мен жұмыс берушінің қорға аударатын жарнасы айлық табысының 5 пайызын құрамақ. Ендігі мәселе – өз күнін өзі көріп отырған аза¬маттардың жайы. Олардың арасында тұрақ¬ты табысы жоқтар да бар. Мұндай азаматтар қорға ай сайын қаржы аударуға мүм¬кіндігі болмаса, онда жарнаны бір жылға салуға болады. Оның көлемі көп болса, 15-16 мың теңге шамасында. Егер оған да жағ¬дайы келмесе, онда жұмыссыз ретінде тір¬келуі керек. Ол кезде жарна төлеуді мемлекет мой¬нына алады.

– Биылғы 1 шілдеден бастап, қолданысқа ен¬гізілетін міндетті медициналық сақтандыру қо¬ры мемлекеттің мойнындағы бірталай жүк¬темені азайтып, денсаулықтың ең қажетті са¬ласына құйылатын қаражат көлемін ұлғайтады деген болжам бар. Бұл жүйенің қарапайым халыққа қандай пайдасы бар, сырқат жандар үшін ұтымды тұстары қайсы? 

– Дәл қазіргі жағдайда медицина саласы бюд¬жет есебінен қаржыландырады. Нарық талаптарына сай денсаулық жүйесі де өзгеруі керек. Осы орайда әр азаматтың өз ден¬сау¬лы¬ғына деген жауапкершілігін арттыра түсу де – басты міндет. Дамыған шет елдерде ха¬лық¬тың денсаулығына үш жүйе жауап береді. Оның біріншісі – мемлекет. Әр ел өз аза¬маттарының денсаулығын сақтандыруға ке¬пілдік береді. Екіншісі – жұмыс беруші. Олар өндіріс орындарында еңбеккерлеріне қолай¬лы жағдай жасап, денсаулығына, қауіп¬сіз¬д¬і¬гіне жауап беруге мүдделі. Керек кезінде тө¬ле¬мақы да өндіріп беруге тиіс. Үшіншісі – азаматтардың өздері. Кез келген адам ден¬¬саулығына ұқыптылықпен қарап, дер ке¬зінде дәрігерге қаралып, ауруды асқындырмау жолдарын қарастыруы тиіс. Міне, осы үш топ күш біріктіргенде ғана денсаулық саласын алға ілгерілетуге мүмкіндік тумақ. Қазақ¬стан¬ның таңдап отырған жолы да осы. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі медицина саласындағы біраз мә¬се¬лелердің түйінін шешуге де ықпал етеді деген үміттеміз. Бүгінде мемлекеттік емдеу ұйым¬дарындағы кезек мәселесі, белгілі сала ма-ман¬дарының жетіспеушілігі, дәрігерлердің кә¬сіби деңгейі мен олардың науқастарға дег¬ен қарым-қатынасы жиі сынға ұшырап жа¬тады. Бұлда – бюджеттік медицинаның сал¬дары. Мықты мамандардың бәрі ем¬ханада, ауруханада біліктілігін жетілдіріп, әб¬ден тәжірибесі толысқаннан кейін айлығы аз, адамы көп мемлекеттік мекемені тастайды да жалақысы жоғары, жайлы жекеменшік клиникаға кетіп қалады немесе өзінің жеке кабинетін ашып, сонда адам қабылдауға кө¬шеді. Кәсіби мамандарды ұстап тұру үшін оларға қолайлы жағдай жасап, материалдық жағын қамтамасыз ету керек. Бюджеттік са¬лада бұл мүмкін емес. Сондықтан осы мә¬селені түбегейлі шешу үшін медицинаға мін¬детті сақтандыру қорын құру секілді на¬рықтық принциптерді енгізгелі отырмыз. Осы арқылы дәрігер мен емдеу мекемелерінің арасында бәсекелестік туғызуымыз керек. Бә¬секелестік болған жерде өрлеу бар. Мы¬салы, міндетті медициналық жүйе қолда¬ныс¬қа енгізілген кезде азаматтар өздері таңдаған ем¬ханада емделіп, қалаған дәрігеріне баруға мүмкіндік алады. Ал қайсы маман адам көп қабылдаса, соғұрлым оған қордан түсетін қаражат молаймақ. Жалақысы көбейген сайын адам ынталанып, сырқаттың көңілін та¬буға, оған сапалы көмек көрсетуге ұмты-лары анық. Бүгінде елді алаңдатып отырған тағы бір мәселе – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайы. Еліміз кепілдендірілген медициналық кө¬мек шеңберінде 47 ауру түрі бойынша 200-ден астам дәріні тегін береді. Бұл пре¬па¬рат¬тардың дәріханаларға түсуі, оның тиісті адамдарға жетуі – күрмеуі қиын мәселеге айналғалы қашан?! Тендер жарияланып, белгілі бір компания ұтқанша бірталай уақыт өтеді. Ұтқан компанияның дәріханалары әр жерде орналасқан. Одан керекті дәрілер тиісті мекенге жеткізілгенше де уақыттан ұты¬лып жатамыз. Жұртшылық мұны әдейі жа¬салып жатқандай көреді. Медициналық сақ¬тандыру қорын құру арқылы біз келешекте осы мәселенің түйінін шешуіміз керек. Жос-парымыз бойынша, қор мен дәріханалар ара¬сында тікелей келісімшарттар жасалады. Дел¬дал деген болмайды. Қазіргі жүйе бойын¬ша қандай дәрі ұтты, сол препаратты ғана қабылдауға мәжбүрсіз. Ол дәрі сырқат адамға жаға ма, жоқ па, ол жағы қарастырыл¬маған. Дәрі жақпаса, амал жоқ, әлгі адам сол дәрінің басқа түрін, яғни аналогын амалсыз өз қалта¬сынан ақша шығарып сатып алады. Жаңа жүйе бойынша дәріханалармен келісімдер жа¬салады да азаматтар дәріні таңдау мүм¬кін¬дігіне ие болады. Егер өзіңізге жаққан дәрінің құны белгіленген бағадан асып кетсе, онда тек айырмашылығын ғана төлейсіз. Міне, сақ-тандыру қорының бір артықшылығы осы.

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қрына түскен қаражаттың мақсатты жұм¬салуына қандай да бір бақылау немесе кепілдік бола ма? 

– Әлеуметтік медициналық қор мем¬ле¬кеттік мекеме емес. Ол өз алдына дербес тәуел¬сіз ұйым болғандықтан, оның қызмет етуі, әрі қарай дамуы қордағы қаржыға тікелей байланысты. Сондықтан сақтандыру қоры, әлбетте, қаржысын мақсатқа сай жұм¬сауға, әр тиынын босқа шашпауға мүдделі. Мақсатқа сай жұмсау үнемдеуден баста¬ла¬ды. Ол үшін сақтандыру қоры ең жақсы ем¬ханалармен, жоғары білікті дәрігерлермен ке¬лісімшартқа отыруға ұмтылады. Мысалы, қазір бізде жасалған операцияның сапасын анықтау қиын. Мамандардың жіберген кем¬шілігін оның әріптестері ғана байқай алады. Егер нашар жасалған отадан адамның ауруы асқынып, қайтадан төсекке таңылса, ол – азаматтың өзіне ғана емес, қор бюд¬же¬ті¬не де келтірілген залал. Мұндай артық шы¬¬ғын¬дарды болдырмас үшін қор клин¬и¬ка-лармен келісімшарт жасамай тұрып, ауру¬ханаларға тексеру жұмыстарын жүргізіп, мекеменің материалдық-техникалық базасы, дәрі¬герлердің кәсіби деңгейі қаншалықты талапқа сай екендігіне көз жеткізіп алады. Сондықтан сақтандыру қорымен келісім¬шарты бар емдеу мекемелеріне қорықпай бара беруге болады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді тұсы да осы, жұртшылықты сапалы медициналық көмек¬пен қамтамасыз етіп, қаржы тұрақтылығын қалыптастыра алады. Сақтандыру қоры ме¬дицина саласына жүгінген сырқаттың қауіп¬сіздігін бірінші кезекке қояды. Өздерінен көмек сұрай келген тұрғындарға жөнді қара¬маған, үстінен арыз-шағым арылмаған ме¬ке¬мелер, әрине, қордан қаражатты аз алады не¬месе мұндай қырсыз ұйымдарға қаржы мүл¬де бөлінбек емес.

– Жаңа өзіңіз айтып өткен дәрігерлердің кәсіби деңгейіне, адам емдеудегі сапасына не¬месе емдеу мекемесінің материалдық ахуалына сын айтып, кем-кетігін түзеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзінде мықты мамандар болуы керек емес пе? 

– «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қо¬ры» қазір ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, жекеменшік емханалармен келісімдер жүргізіп жатыр. Республиканың түкпір-түкпірінде сақтандыру қорының бө-лімшелерін ашып, жұмысқа мықты сарап¬шы-дәрігерлерді тартуды да жоспарлап отыр. Елімізде материалдық қызығушылықтан гөрі кәсіби намысын жоғары қоятын білікті дәрігерлеріміз баршылық. Айталық, атақты ней¬рохирург Серік Ақшолақов, бауыр, бүй¬рек алмастыру секілді күрделі опера¬ция-ларды сәтті жасап жүрген алтын қолды хи¬рург Жақсылық Досқалиев, жүрекке сирек кездесетін оталарды жасаумен аты шыққан Юрий Пя секілді ел аузында жүрген мықты маман-дәрігерлерді қорға сарапшы ретінде тар¬тып, азаматтарға көрсетілетін медици¬налық көмектің сапасын арттырсақ дейміз.

– Денсаулықты сақтандырудың түрі көп. Еліміздің таңдап отырғаны – әлеумет¬тік ме¬дициналық сақтандыру жүйесі. Оның ерікті және басқа да сақтандырудан айырмашылығы неде? 

– Дамыған мемлекеттердің көбі ауруды ер¬те бастан анықтап, азаматтардың өз ден¬саулығына деген жауапкершілігін арттыру үшін осындай жүйені енгізіп қойған. Алайда әлемнің барлық еліндегі ауру да, оның емі де бір болғанымен, денсаулық саласын дамыту¬дағы моделі әртүрлі. Мысалы, елдің денсау¬лы-ғын қорғаудағы жүйенің ең нарыққа бейім¬делген нұсқасы – АҚШ-та. Бұл елде ден¬саулық сақтау – әр адамның өз проб¬ле¬масы. Қалтаңда ақшаң болса ғана сақтандыру қоры арқылы денсаулығыңды түзей аласың. Қаржың болмаса, ауыр жағдайда жатсаң да ешкім қарамайды. Бүгінде Америка хал¬қының 15-17 пайызы денсаулығын сақ¬тан¬дыруға мүлде мүмкіндігі жоқ. Бұдан бас¬қа елдер, соның ішінде Батыстың көп¬теген мемлекеттері әлеуметтік медици¬налық сақ¬тандыру жүйесін таңдаған. Яғни әлеуметтік жағдайы аз қамтылған азаматтарды мемлекет өз қамқорлығына алады. Адамдарды ең басты құндылығы санайтын біздің мемлекет те осы ыңғайлы жүйені құп көріп отыр.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақ¬тандыру қорына жинақталған қаржы арқылы шетелде емделу мүмкіндігі бар ма? Емдеуге ел медицинасының дәрмені жетпей жатқан нау-қас түрі де көп қой қазір… 

– Қазақстанның медицинасы бүгінде қар¬қынды дамып келеді. Шетелде жасап жат¬қан оталарды біздің дәрігерлеріміз де жасап жүр. Мысалы, Юрий Пяның операциясын дүниежүзінде бес-ақ мемлекет қана жасайды. Бүгінде Ресей, АҚШ-тан іздеп келіп, Юрий Пяға ота жасатып жатқандар баршылық. Бел¬гілі нейрохиург Серік Ақшолақовтың миға жасап жатқан отасы әлемдегі ең мықты деген бір-екі маманның ғана қолынан келер. Міне, осындай мықты мамандарымыз бола тұра, шетелге барып емделу ақылға сый-майды. Халықтың санасында шетелде жақсы емдейді деген түсінік қалыптасып қалған. Әсіресе, қатерлі ісікке шалдыққан азаматтар өзінің сырқатын естіген бойда бірден шетелге емделсем жазыламын деп ойлайды. Шын¬туайтында, әлем бойынша қатерлі ісікке қарсы дауа табылмаған. Бұл аурудың басты емі – химиотерапия мен сәулемен емдеу. М¬ұның бәрі еліміздеде жасалады. Германияға бар¬саңыз да, Кореяға барсаңыз да біз қол¬данған әдіспен емдеп, біз беретін дәрілерді ұсынады. Бізден айырмашылығы, шетелде – ақылы. Өз елімізде мұндай дертке шал¬дыққандар тегін емделеді. Сондықтан ше¬телде емделемін деп уақыт жоғалтпай, білікті дәрі¬герлермен ақылдасып, ауруды асқын¬ды¬рып алмау жолдарын қарастырған жөн-ау.

– Әңгімеңізге рақмет!

Автор:
Сұхбаттасқан Қымбат ТОҚТАМҰРАТ. «Айқын» газеті.
 

http://zhardem.kz/news/8538

Просмотров: 1003 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]