Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 29 » Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады (видео)
09:38
Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады (видео)

25.12.2017

Өскемендегі №1 қалалық аурухана базасында еліміздегі алғашқы роботтандырылған хирургия орталығы ашылады. Жоғары технологиялы операциялық кешенде арнайы симуляциялық жабдықтар орнатылмақ. Соның нәтижесінде транспланталогиялық және ангиохирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік туады. Осылайша жылына 500-ге жуық науқасқа тиісті медициналық көмек көрсету жоспарда тұр. Медицина дамыған елдерде тиімділігі дәлелденген нанотехнологиялық орталық 2018 жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс.

Марат Шоранов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Жаңашылдыққа мамандарымызды да дайындап жатырмыз. Дәрігерлерді үздік еуропалық клиникаларға оқуға жібердік. Жоба енгізілгенше олар барлық талаптарды игеріп келеді деген жоспар бар.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/212757-endi-elimizde-operatsiyalardy-robot-khirurgtar-zhasajtyn-bolady

 

Просмотров: 114 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.