Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:52
Емханаларға бекітілген шаралар басталады

5 сәуірде ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және МӘМСҚ (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының) басшысының қатысуымен емханаларға бекітілген шаралардың басталуына арналған брифинг өткізілу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.

1950 жылдың 7 сәуірінен бастап жыл сайын Дүниежүзілік Денсаулық күні атап өтетінін ескерте кеткен жөн.

1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Содан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.

1992 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мүше мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы қосылды.

«Дегенмен, Қазақстан 1978 жылдың қыркүйек айында ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығы деңгейінде танылды. ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің 1978 жылы Алматы қаласында болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференциясының арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығында танымал болды және бүкіл дүние жүзінде денсаулық сақтауды дамытуға жаһандық ықпал етті»,-деді Мұрат Жұманбай.

Сурет РИА Карачаево-Черкесия сайтынан алынды.

http://syrboyi.kz/zedelnews/10586-emhanalara-bektlgen-sharalar-bastalady.html

Просмотров: 890 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]