Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:08
Елордадағы медициналық мекемелер қыркүйекке дейін сандық жүйеге көшеді

Астана қаласындағы барлық медициналық мекеме қыркүйек айына дейін цифрлы-ақпараттық жүйеге көшеді.

Емхана қабылдауына жазылу, түрлі қоңыраулар, дәрігер шақыру секілді қызмет түрлері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы сала мамандарының бақылауында болады. «Смарт-медицина» жобасының үш артықшылығы бар», – дейді мамандар. Біріншіден сырқаттың денсаулығы жайлы жеке электронды құжаты болады. Оның ішінде барлық анализ бен іш құрылысына қатысты деректер жинақталады. Анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды. Екіншіден медицина қызметкері аталған электронды құжат арқылы қағазбастылықтан құтылады. Сондықтан сырқаттарды қабылдауға уақыт та көбейеді. Қазір нарықта қандағы қанттың деңгейі мен қысымды бақылай алатын гаджеттер бар. Сол арқылы дәрігерлер қашықтықтан емделушінің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік алады.

Қамалжан Надыров, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қолыңыздағы гаджет арқылы жеке кабинетіңізге кіріп, денсаулығыңызға қатысты барлық ақпаратты көре аласыз. Жеке басыңызға қатысты мәліметтер мен алдыңғы анализдеріңіз де сақталады. Қабылдаған ем-дом да сізге көрініп тұрады. Ол мәліметтерді дәрігерлер де ашып, қадағалай алады. Сондықтан олар ескі құжаттарды іздеп әуре болмайды. Бұл жүйе жыл аяғына дейін қолданысқа енуі тиіс. Ақпараттық жүйе енгізілген соң әрбір пациенттің жеке кабинеті болады.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/225844-elordada-y-meditsinaly-mekemeler-yrk-jekke-dejin-sandy-zh-jege-k-shedi

Просмотров: 88 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]