Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 15 » ЕЛIМIЗДЕ ТЫНЫС АЛУ АУРУЛАРЫ ЖИIЛЕП КЕТКЕН
15:56
ЕЛIМIЗДЕ ТЫНЫС АЛУ АУРУЛАРЫ ЖИIЛЕП КЕТКЕН


Елiмiзде тыныс алу аурулары жиiлеп кеткен. Қазiр өкпе дертi жүрек-қантамыр ауруларынан 2-3 есеге артып отыр. Бұл туралы патронажды қызметке арналған конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты.
«Бiз жұмысымыздың басым бөлiгiн өлiм-жiтiм көрсеткiшiмен бағалаймыз. Шынымен де, көптеген көрсеткiш бойынша бiз жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп келемiз. Негiзгi аурулардан өлiм-жiтiм, ана мен бала өлiмi, туберкулез азайып келедi. Дегенмен, дерттiң алдын алу мәселесi екiншi орында қалып қойып отыр. Осы ретте, кейбiр маңызды iндет бойынша көрсеткiш жоғарылап барады. Мысалы, ересектер арасында жүрек-қантамыр аурулары кең тараған. Сондай-ақ, бiз қазiр тыныс алу органдары ауруларының қалай жиiлеп кеткенiн байқамай қалыппыз. Қазiр өкпе дертi жүрек-қантамыр жүйесi ауруларынан 2-3 есеге артып отыр», – дедi Бiртанов.

Министр өз сөзiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында өлiм-жiтiм азайғанын атап өттi. Дегенмен, 5 жасқа дейiнгi балалардың аурушаңдығы мен жиi жарақат алуы тiркелген.
«Сондықтан, аурулардың алдын алуға, оның iшiнде балалар арасындағы түрлi дерттiң алдын алуға баса назар аудару керек. Денсаулық сақтау министрлiгi ЮНИСЕФ-тiң балалар ауруларымен күреске бағытталған бағдарламасын енгiзуi қажет», – дедi Елжан Бiртанов.
Министр соңғы көрсеткiшке сәйкес, сәби өлiмi азайып, ана өлiмi тiркелмеген Қызылорда облысының жетiстiгiн атап өттi. Атап өтсек, жылына 19 мың бала дүниеге келетiн бұл өңiрде биыл сәби өлiмi 28 пайызға азайған.
Baq.kz

Просмотров: 70 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.