Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:20
Елімізде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан науқастарға тегін ем көрсетіледі

Телеканал Хабар 24

Опубликовано: 22 апр. 2018 г.

Биыл елімізде кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енген 1 900 қызметті бүгінде 602 жекеменшік медицина мекемесі көрсетіп жатыр.

Бұл – мемлекет есебінен халыққа қызмет ұсынатын емханалар мен клиникалардың 40 пайызына жуығы. Нәтижесінде ақысыз дәрігерлік жәрдем көрсететін ұйымдар саны өткен жылмен салыстырғанда 170-ке артқан. Мәселен, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан науқастар да гемодиализ процедурасын тегін алып келеді.

Елімізде жедел бүйрек жетіспеушілігі диагнозына шалдыққан 5,5 мың адам тіркелген. Астана қаласы бойынша созылмалы бүйрек дертіне қарсы 400-ге жуық науқас ем алып жатыр. Жыл санап олардың саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Бүйрек алмастыру терапиясын сапалы емдеу үшін Қазақстанда амбулаторлық гемодиализ орталықтары ашылған. Айта кетейік, гемодиализ – пациент үшін ағза трансплантациясына кезегі жеткенше бүйрек қызметін уақытша ауыстыратын емнің бір түрі.

 

Просмотров: 29 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]