Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 22 » Елімізде сүт безі обыры жасарып келеді
19:46
Елімізде сүт безі обыры жасарып келеді

Елімізде алғаш рет сүт безі обыры мен меланома дертін емдеудің қауіпсіз операциясы жасалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгін Президент іс Басқармасының медициналық орталығында ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып, Астана қаласының Онкологиялық орталығында алғашқы науқасты қабылдады. Отандық ақхалаттылардың айтуынша, елімізде сүт безі обыры жасарып келеді. Ал ауруы асқынған науқастардың кеуде тұсындағы лимфа түйіндері түгел жойылады. Осылайша, қатерлі ісіктің алдын алуға болады. Бірақ операция аяқталған соң емделушінің бірден айығып кетуі бүгінге дейін күмәнді болып келген еді.

«Ендігі жағдай басқаша», - дейді дәрігерлер. Бұрын онкологиялық дерттің осы түрінен жасы 25-30-дан асқан қыз-келіншектер емделсе, бүгінде 18-ге енді толған бойжеткендер де пышақ астына түсуге мәжбүр.

«Ауырған сырқат адамға радиофарм препарат беріледі тағы. Аппарат арқылы белгісі белгілі болады, сол жерге дәрігерлер белгі қойып, операция үстінде сол жердің ғана безін алып тастайды», -дейді Астана қаласының Онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев. Ультрадыбысты зерттеу мен маммография қорытындысынан дерттің 1 және 2-ші дәрежелері анықталса, тек бастапқы лимфа түйіні тексеріледі. Ол үшін наноколлоид қоспасы мен технеций химиялық элементінің қосындысы науқастың кеуде тұсына екпе ретінде қолданылады. Радиоактивті фармацевтикалық препарат обырдың даму жолын алдын ала анықтап, дерттің асқыну ықтималдылығы туралы белгі береді.

Осыған орай Александр Никифоров атындағы Жалпыресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығының ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Сухов та өз ойын білдірді. «Пайда болған ісікті жою кезінде оған ең жақын орналасқан лимфа түйіні де алынады. Бұл ретте бірден шұғыл талдау жүргізіліп, зақымдалғаны анықталса, операция жалғасып, өзге лимфа түйіндері де біртіндеп тексеріледі. Ал бастапқы түйіні сау болып шықса, операция тоқтатылып, науқас 1-2 күнде үйіне шығарылады. Емделушінің кейінгі денсаулығына еш қауіп төнбейді. Бұл медициналық тәсілдің басты артықшылығы осы»,- деп атап өтті Бүкілресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығының ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Сухов.

http://syrboyi.kz/zedelnews/16179-elmzde-st-bez-obyry-zhasaryp-keled.html

Просмотров: 63 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.