Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 22 » ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА
21:26
ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА

Қазіргі таңда амбулаториялық деңгейде ем алатын туберкулезге шалдыққан науқастарға берілетін ең жоғары әлеуметтік көмек Республика бойынша Қызылорда облысында. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 181,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова мәлімдеді.
Оның айтуынша 2 жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, ауысымына 250 келушіге арналған Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандық орталық ауруханалар ғимараттары, 200 төсек орындық облыстық балалар ауруханасы және 30-ға жуық дәрігерлік амбулаториялар мен 10 фельдшерлік акушерлік бекеттер салынып, қолдануға берілген.
Осы жылы Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы салынып, қолданысқа беріледі, Арал аудандық ауруханасының құрылысы жүріп жатыр.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңбері аясында 400 келушіге арналған №2 қалалық емхана 2017 жылдың тамыз айында беріледі, сонымен қоса 4 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылы лизинг аясында 1 млрд 405,4 млн теңгеге, облыстық бюджет арқылы 1 млрд 700 млн теңге құралжабдықтар сатып алу жоспарланды.

http://syr-media.kz/news/elimizde-e-zho-ary-leumettik-k-mek-yzylorda-oblysynda/

Просмотров: 50 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.