Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:50
Екі жыл болды айтқаныма:

Екі жыл болды айтқаныма: Назарбаев «әлемдегі ең үздік» жабдықтармен медициналық орталық салуды тапсырды

Қазақстан президенті жыл сайынғы халыққа жолдауында Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын салуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Жақсы баға мен сенімге ие болған кұрылған кардиологиялық, нейрохирургиялық кластерлер тәжірибесінде келер жылы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының құрылысын бастау керек. Екі жыл бойы айтым келемін салайық деп. Үстелді бір қойып қинамайынша асықпай жүрді», – деді Назарбаев.
Биыл іргетасын қалап, онкологиялық орталықтың құрылысын бастауды тапсырды.
«Орталықты құрып, онда ең жақсы жабдықтарды қою керек. Бұл орталықты ашамын деп дайындалып жүріп, тіпті қандай жабдықтармен қамтамасыз ететінімізді белгілеп қойдым. Томотерапия – нақты емдеу, екіншісі протонотерапия. Жабдықтар өте қымбат тұрады, бірақ баламасы жоқ. Үшіншісі – гамма пышақ, бұл лазерлі пышақ, төртіншісі – адам иммунитетін көтеру.
Осының барлығы жаңа орталықта болу қажет», – деп атап өтті президент.
Едіміздегі жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша жұмыстарды мысалға келтірді.
«Өлім бойынша бірінші орында жүрек-қан тамырлары жүйеісі бойынша аурулар болған. Мұны әйтеуір шештік, қазір барлық аймақтарда ашық жүрекке ота жасалуда. Мыңдаған адамдардың өмірін құтқарып қалдық. Олар болса шетелге барады. Бізде де жасайды. Екінші орында тұрған онкология ауруларына қатысты көптеген адамдарды да құтқара аламыз. Бұдан басқа не маңызды болуы мүмкін», – деп жалғастырды сөзін Назарбаев.
Сонымен қатар, президент жаңа жылдан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын жиырма пайызға көтеруді тапсырды. Бұл мақсатарға келер жылы бес миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінеді.



Stan.kz

Просмотров: 12 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]