Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 18 » ДЕНСАУЛЫҚ – ОТБАСЫ БАҚЫТЫНЫҢ НЕГІЗІ
14:24
ДЕНСАУЛЫҚ – ОТБАСЫ БАҚЫТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Берік отбасыұлт байлығы. Адам баласының бойындағы жақсы қасиеттер де отбасында қалыптасады. Сол себепті, шаңырақтың шаттығын еселеп, береке-бірлікті бекемдеу әрбір жанұя мүшесінің басты міндеті.

Отбасы күніне орай аудан көлемінде көптеген игі шара өтті. Соның бірі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бірлесе ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел. Қоғамдағы отбасы институтының рөлін арттыру және репродуктивтік денсаулықты сақтауға басымдық беруді басты мақсат еткен шараға сала мамандарымен қатар, жас отбасы мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Отбасы – біздің әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз!» тақырыбында өрбіген дөңгелек үстелді аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.Искендирова ашып, жүргізіп отырды. Сала маманы «Отбасы күні» мерекесінің маңыздылығына тоқталып, отбасын қорғау – мемлекеттік маңызды іс екенін атап өтті. Сонымен бірге, соңғы жылдары ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Жанәлиева, ауданның бас акушер-гинекологы М.Ноғайбекова тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салып, ерлердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жөнінде кеңес айтты. Жыныстық жолмен жұғатын қауіпті аурулардың кері әсері туралы нақты мысал келтіріп, жеке бас тазалығын сақтаудың тиімділігін жеткізді. Ал, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі С.Сыздықова «Бақытты отбасы – мемлекет құндылығы» тақырыбында хабарлама жасап, жас отбасы мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, жастар арасында ай сайын түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында аудандық арухананың отбасын жоспарлау кабинетінің медбикесі З.Ибраева репродуктивтік денсаулық жөнінде медициналық кеңес берді. Жас­тар денсаулығы орталығының психологы А.Молдашева психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Ж.Дүзімбетова сөз сөйлеп, отбасындағы татулық, өзара түсінік шынайы бақыт екенін айтты. «Отбасы күні» аясында өткен шара соңында бейнероликтер көрсетілді, парақшалар таратылды. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шараға қонақ ретінде қатысқан жас отбасы мүшелеріне естелік сыйлық табыс­талды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

http://tirshilik-tynysy.kz/densauly-otbasy-ba-ytyny-negizi/

Просмотров: 44 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.