Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 29 » ДЕНСАУЛЫҚ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ
14:29
ДЕНСАУЛЫҚ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулықадам үшін баға жетпес байлық» тақырыбында ақ халатты абзал жандармен кездесу өтті.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, партия ардагері Сағындық Шамшиев, партия белсендісі Тұрар Сыздықов, Қызылорда қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы және партия белсенділелері қатысты.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандырудың маңызды міндеттерін талқылау, насихаттау.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов азаматтардың еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, аурудың алдын алу, халыққа тегін, жалпыға бірдей жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету «Нұр Отан» партиясының маңызды міндеттерінің бірі екендігін жеткізіп, бұл құндылықтар Конституцияда ерекше көрсетілгенін атап өтті.

Медицина саласының ардагері Сағындық Шамшиев міндетті медициналық сақтандырудың азаматтар үшін маңыздылығын атап, көрсетілетін көмек түрлеріне тоқталды.

-Сақтандырудың екі түрі бар. Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол барлық азаматтар үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел – жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көр­сетілетін медициналық көмектер кіреді. Екіншісі – жаңадан құрылатын меди­циналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Бұл ақылы түрде болатындықтан оған амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек, медициналық реабилитация, мейірбикелік қарау мен жоғары технологиялық көмектерді кіргізу қаралып отыр, –деді Сағындық Шәмшиев.

Шара соңында сөз алған Қызылорда қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы аталмыш заңның әрбір қазақстан­дыққа қатысты екенін айтып, тек оны халыққа түсінікті тілмен жеткізу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ жиылғандарды Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді бірлесе жүзеге асурыға шақырды.

Еркін ҚАЛДАН

https://aikyn.kz/2017/09/28/28218.html

Просмотров: 32 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.