Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:42
ДДСҰ сарапшысы Алматы дәрігерлеріне дәріс береді

16-17 қаңтар күндері ДДСҰ сарапшысы Алматы дәрігерлеріне емделушілермен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы жайында дәріс бермек. Тренингке Алматы қаласының 25 МСАК ұйымдарының мамандары қатысады. Екі күндік шара «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университетінде өткізіледі. ДДСҰ сарапшысы Лектор Бретт Крег, АҚШ-тың Сент-Луис Фармaкологиялық колледжінің доценты, денсаулық пен мінез-құлықтың өзгеру сұрақтары бойынша сарапшы. Екі күндік семинар бағдарламасында емделушілермен қарым-қатынас орнату, емделуші мен дәрігер арасындағы сенімділікті арттыру, кикілжіңді болдырмау сынды тақырыптар қамтылады. ДДСҰ-ның қызметі аясында 2015 жылдан бастап Қызылорда және Маңғыстау облыстарында медициналық қызметкердердің коммуникативті дағдыларын дамыту аясында пилоттық жоба енгізілген болатын. Алматы қаласында осы бағытта ДДСҰ-ның өткізгелі отырған алғашқы шарасы. Ендігі жерде ДДСҰ сарапшылары Алматы қаласындағы барлық МСАК мамандарын оқыту арқылы тұрғындардың медицина саласы қызметкерлеріне деген сенімділігін арттырып, емделушілердің ем барысына қанағаттану деңгейін арттыруды көздеп отыр. Комуникативті дағдыларды арттыру бойынша емделушілер мен дәрігерлер арасындағы өзара сенімділік қарым-қатынасты жақсарту бүкіл әлем бойынша медицина саласындағы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Себебі емнің оңтайлы нәтиже беруі, дәрігердің қызметіне бар ынтасымен берілуі  емделуші мен дәрігер арасындағыдұрыс қатынас құра білуіне тікелей байланысты.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/158701-dds-sarapshysy-almaty-d-rigerlerine-d-ris-beredi

Просмотров: 525 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]