Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 9 » ДӘРІХАНА ҰЙЫМДАРЫ ҰДАЙЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
13:30
ДӘРІХАНА ҰЙЫМДАРЫ ҰДАЙЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық қызметпен 383 көтерме және бөлшек сауда объектісі айналысады. ҚР Фармация комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті дерегінше оның 234-ідәріхана, 106-сыдәріханалық және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймалары.
Биылғы 1-жартыжылдықта осы ұйымдарға 35 тексеру жүргізілді. Оның тоғызы поркуратура қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Департамент ммандарының мәліметінше осы уақыт аралығында болған 25 жоспардан тыс тексеруге жеке тұлғалар мен «Қызылорда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ шағымы негіз болған.
Тексеру нәтижелері бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426–бабы 1–тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 1 134 500 теңгені құрайтын айыппұл салынды. Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура органдарына, арыз иесіне, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жауаптар жолданды.
Бүгінде облыс аумағында GDP сертификаты бар 3 дәріхана қоймасы, GРP сертификаты бар 2 дәріхана жұмыс істейді, 6 дәріхана GРP стандарттарына сәйкестігіне инспециялаудан өтіп жатыр. 2017 жылдың соңына дейін GхP стандарттарына сәйкестігіне инспециялаудан өтуге 40 фармацевтикалық қызмет объектісі жоспарлауда.
Рейдттік тексерумен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жанақорған аудандары, сонымен қатар, қалалық дәріхана ұйымдары да қамтылды.

http://syr-media.kz/news/d-rihana-jymdary-dajy-ada-alanady/

Просмотров: 50 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.