Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2018 » Сәуір » 2 » Дәрігерлер масаны өлтіруге арналған препаратты анықтады
12:25
Дәрігерлер масаны өлтіруге арналған препаратты анықтады

Кения, АҚШ және Ұлыбританиядан келген зерттеушілер тобы өздерінің ғылыми жұмыстарында, ивермектин қышыма және битке қарсы препараттың масаны өлтіруге қабілетті екенін анықталды. Бұл туралы мақала Tech Times басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Медицина ғалымдарының бұл зерттеуіне Кенияда безгек ауруын жұқтырған 140 адам өз еркімен қатысуға келісті. Үш күн қатарынан науқастарға 600 немесе 300 миллиграмнан астам ивермектин берілді. Содан кейін бұл адамдардың қанымен масаларды тамақтандырды.
Ивермектин қолданған науқастардың қанын ішкен жәндіктердің 97 пайызы екі аптадан кейін қырыла бастаған. Оның үстіне, тіпті төменгі мөлшерде болса да, құрамында ивермектин бар қан 28 күн бойы маса үшін улы болып табылады.
Белгілі болғандай, дәрілік зат адамға ешқандай жанама әсер етпейді. Сондықтан ғалымдар безгекке қарсы күресте оның пайдалы қасиеттеріне үміттенеді.

Stan.kz

Просмотров: 12 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.