Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:37
ДӘРІГЕР – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

«Кәсіби бағдар» курсы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары медицина қызметкерлерімен кездесіп, қиын да, қызықты мамандықтың қыр-сырына қанықты.

Мамандық таңдаудың жоғарғы сынып оқушылары үшін маңызы зор. Осы бағытта мектепте ұйымдастырылған «Кәсіби бағдар» курсы оқушыларға болашақ мамандығын таңдауда үлкен үлес қосады. Бұл жолы «Сенім» жеке клиникасының мамандары дәрігер болуға қызығушылық танытқан балаларға саланың қыр-сыры жайлы айтып берді. Жиырма жылдан астам терапевт қызметін атқарып келе жатқан Жанат Аяпова медицинадағы жаңалықтар жайлы қызықты ақпарат берді.
- Дәрігер қай заманда да сұранысқа ие құрметті мамандық. Бүгінде салада жаңалық көп, соны технологиялар енгізілуде. Соған сәйкес мамандарға да талап күшейді, - деді жоғарғы категориялы дәрігер Жанат Рахманқызы.
Ал дәрігер-гинеколог Индира Әшірованың айтуынша медицина маманы ең бастысы елге қызмет етуге дайын болуы керек.
– Екінші курста перзентханада тәжірибеден өткенімде мен акушер-гинеколог мамандығының маңызын түсіндім. Алдыңа мақсат қой және соған жетуге талпын. Ал ең бастысы – адам тағдырын естен шығарма, - деді Индира Қалдыбекқызы.
Кездесу барысында балалар сапалы мамандық алу мен білікті дәрігер атану үшін керекті қасиеттер туралы сауалдар қойды.
«Сенім» емханасының бас дәрігері Жанат Аяпова қызықты кездесуді ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне алғысын жеткізді.

 

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/13723-drger-rmett-mamandy.html

Просмотров: 1231 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]