Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:26
БЕКБАУЫЛДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Бекбауыл ауылдық округінде мемлекеттік- жекешелік серіктестік аясында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде жыл басынан бергі денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. Жаңа амбулатория халықтың дертіне шипа табатын құтты орын болсын деп лебізін білдірді.
Ауыл ақсақалы Ш. Мыршаев сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Тұрғындарға дәрігерлік көмек түрлері бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болатын. Амбулаторияда 10 медицина қызметкері жұмыс жасайды.
Жаңа амбулатория заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әйелдер қарайтын бөлме, егу бөлмесі, балалар бөлмесі, дәрігерлерге дейінгі қабылдау және күндізгі жатын бөлмелері қарастырылған.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақирек ауылдық округінде медициналық бекет пайдалануға берілген болатын.

https://tolqyn.kz/zanalyk/3449-bekbauylda-drgerlk-ambulatoriya-ashyldy.html

Просмотров: 27 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]