Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:35
Бауырды қалпына келтіріп, ұзақ өмір сүру тәсілі табылды

 


Стэнфорд университеті Медицина мектебінің ғалымдары бауыр жасушаларындағы теломераза ферменттерінің белсенділігін шамадан арттыру органды қайта бастапқы қалпына келтіруге ықпал ететінін анықтады. Осылайша, бауыр циррозы мен жасушалардың қартаюына қарсы күресуге арналған препараттар әзірлеу мүмкіндігі туып отыр. Бұл туралы EurekAlert! сайтына сілтемемен Lenta.ru хабарлайды.

Теломераза дегеніміз теломерлердің – жасушалардың әрбір бөлінуі кезінде қысқарып отыратын хромосомалардың ұшындағы бөліктердің ұзындығының шамадан тыс қысқаруына кедергі келтіретін ақуызды кешен. ДНҚ-да теломерлер ақуыздардың аминқышқылды тізбектерімен кодталмағандықтан, бұл бөліктер геннің зақымдануының алдын алып, қорғаныс қызметін атқарады. Теломерлердің қысқаруы жасушалардың қартаюының бір себебі болып табылады.

Теломераза белсенділігін бұғаттайтын мутация кеміргіштер мен адамдарда цирроздың пайда болуына алып келетіні дәлелденген. Сонымен бірге ферменттің шамадан тыс белсенділігі бауыр обырының қатерлі жасушаларында байқалады.

Зерттеушілер тышқандарда бауыр жасушаларының (гепатоциттер) 3-5 пайызы теломеразаларды үлкен көлемде қалыптастыратынын, алайда бұл ретте оларда қарапайым метаболизмге қатысатын гендердың белсенділігі тым төмен екенін анықтады. Бұл жасушалар бауырда біркелкі орналасқан және орган зақымданған жағдайда олар жаңа тінді қалыптастыра отырып көбейе бастайды.

Ғалымдар зерттеу нәтижелері бауырдың тез жазылуына, оны обырдан қорғап, қартайған кезде бауырдың дұрыс жұмыс істеу мерзімін ұзартуға ықпал ететін препараттар әзірлеуге септігін тигізетіндігіне сенімді.

https://tolqyn.kz/okigalar/1391-bauyrdy-alpyna-keltrp-za-mr-sru-tsl-tabyldy.html

Просмотров: 90 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]