Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 15 » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ЛИМОН ТҮСКЕ БОЯЛАДЫ
15:53
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ЛИМОН ТҮСКЕ БОЯЛАДЫ

Қазақстандағы жедел жәрдем көліктері сары түске боялатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай стандарттарға сәйкестендіріледі. Жедел жәрдем қызметінің барлық көлігі лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтері болады» – деген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріске дамыған елдердегі жедел жәрдем қызметі себеп болған. Жарқын түске боялған төтенше қызмет көліктері алыстан көзге тез түсетіндіктен Қазақстанның жедел жәрдем қызметі жылдам әрі барлығына тиімді болады.

Қазақстанның жедел жәрдем көліктері түсінің өзгеруін Кеден одағына мүше мемлекеттер мақұлдаған. Сондықтан онда МС (ГОСТ) деген белгілер болады.

http://stan.kz/

Просмотров: 30 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.