Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:42
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИТОФАРМАКОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Рахимов 70 жасқа толады. Сондай-ақ ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметіне 46 жыл болды.
Қайролла Рахимов жаңа отандық дәрілік препараттарды жасап шығаруда жемісті еңбек етіп, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер бойынша тер төгіп, Қазақстандағы фитофармакология ғылыми мектебінің негізін қалады. Ол еліміздегі ісіктердің экс¬пе¬риментальді химио¬фармако¬тера¬пиясы саласының білгірі ретінде, ғылыми зерттеуші-фитохимик¬термен бірлесіп жаңа сесквитерпенді дәрілік преператтарды іздеуде ұзақ уақыт тер төкті. Нәтижесінде, «Арглабин» деп аталатын ісікке қарсы препаратты дүниеге әкелді. Бұл эндемикалық өсімдік тықыр жусаннан бөлінетін аттас сеск¬витерпенді гамма-лактоннан алынған. Қазіргі таңда Орталық Қазақстанда, Қарқаралы және Баянауыл аудандарында өседі.
Қайролла Дүйсенбайұлы 1948 жылдың 15 наурызында Павлодар облысы Баянауыл ау¬данының Баянауыл кентінде дү¬ниеге келді. 1966 жылы С.Торайғы¬ров атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы Мемлекеттік медицина инс¬ти¬тутының емдеу ісі факуль¬тетіне оқуға түсті.
Студент кезінен-ақ көзге түсіп, жастардың көшбасшысына айналды, спортпен шұғылданды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оның көш¬басшылық қабілетін Гос-питальдік хирургия кафедрасының меңге¬рушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, талантты хирург әрі педагог А.Сүлейменов таныды, сөйтіп ғылымға жол нұсқады. Қайролланың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жас студенттің алдағы тағдырына әсер етті.
1972 жылы институтты бітіріп, қызмет жолының алғашқы бас¬палдақтарын хирург болып бастады. Алматы қаласының емдеу мекемелерінде, атап айтқанда №2 және №12 қалалық клиникалық ауруханаларының хирургы болды. Осы салада біліктілігін көрсетіп, емханаларда, бөлімшелерде және ауруханалардың шұғыл хирур¬гия¬сында жұмыс істей жүріп, Қайролла Дүйсенбайұлы хирург¬тың көмек-шісінен жеке өзі ота жасайтын хирург деңгейіне көтерілді.
Жас хирург қатерлі ісіктерді емдеуге бел буып, онкофарма¬кология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, науқастар¬дың өмірін сақтап қалуды алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп,
1975 жылы Қазақ онкология және ра¬диология ғылыми-зерттеу инс¬титутының қатерлі ісіктердің тәжірибелік химиялық терапия зертханасының аспирантурасына түсті.
Белгілі фармаколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор О.Кабиевтің жетекші¬лігімен қатерлі ісіктердің айқас төзімділігі мен коллатеральдық сезімталдығын зерттеу және жаңа отандық табиғи заттардың дәрілік төзімділігінің алдын алу, оларды жеңу жолдарын табу үшін жа¬нуарларға зертханалық ғылыми тәжірибе жасады.
Ғылыми-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде, ол химиотерапия тиімділігінің артуын, гемопоэздық тежеуінің жоқтығын және ағза жүйесіндегі иммунореактивтілікті төмендемейтінін анықтады. Осы зерттеу нәтижелері «Изучение перекрестной устойчивости и коллатеральной чувствительности опухолей к различным группам противоопухолевых веществ и поиск путей преодоления ле¬карственной устойчивости» атты кандидаттық еңбегінде жинақ¬талды. 1978 жылы кандидаттық диссертациясын Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ойдағыдай қорғады.
1978-1991 жылдары Қазақ онкология және радиология ғы¬лыми-зерттеу институтының фар¬макология зертханасының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болды. Ғылыми жетекшісі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, про¬фессор О.Кабиев жас зерттеу¬шінің бойынан ғылымға деген қызы¬ғушылықты тани білді. Мұның өзі қайтадан құрылған клиника алды фармакология зертханасында онкофармакология саласында ғылыми зерттеулердің жалғасуына себеп болды. Ғылыми зерттеулер зертханада биология ғылымда¬рының докторы С.Верменичевтің жетекшілігімен жүргізілді.
Қайролла Дүйсенбайұлы Қазақстандағы жаңа ғылыми бағыт – инновациялық табиғи заттар химиясы, фито және онко¬фармако¬логияның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосты. Осы саланың өзекті ғылыми проблема¬ларын шешуге белсене араласып, ұзақ жыл бойы жаңа бірегей отандық фи¬топрепараттар жасауға байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізді.
166 отандық жаңа табиғи пре¬паратты және олардың түрлен¬дірілген өнімдерін фармаколо¬гиялық тұрғыдан зерттеді. Сонымен қатар «Арглабин», «Алхидин», «Аль¬нусидин», «Пр.ГК», «Лейкоэфдин» (қатерлі ісікке қарсы), «Салсоколлин», «Рувимин» (гепатопротекторлық), «Калиор» (антисептикалық), «Суттиген», «Биалм», «Камилен» (қабынуға қарсы) және т.б. препараттарының клиникалық әсерін зерттеді. Оның фармакологиялық, клиникаға дейінгі зерттеу жұмыстары және жаңа ісікке қарсы басқа да пре¬параттары 1992 жылы Мәскеудегі МҒА Бүкілодақтық онкологиялық орталығында «Дәріге төзімді ісіктер химиотерапиясындағы жаңа табиғи қосылыстар» атты тақырыптағы докторлық диссертациялық жұмысын қорғауына негіз болды. 1993 жылы Жоғары аттестациялық комиссия шешімімен «Новые природные соединения в химио-терапии лекарственно резистентных опухолей» тақырыбына медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Қайролла Дүй¬сенбайұлына 1996 жылы медицина профессоры деген ғы¬лыми атақ тапсырылды.
Қайролла Рахимов педагогика саласында да биік белесті бағын¬дырып, жоғары медициналық білім беру ісінің белсенді ұйымдастырушы болды.
1991-1999 жылдары С.Асфен¬дияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің Фар¬макология кафедрасының аға оқытушысы, доценті және про-фессоры қызметін атқарды. 2000-2013 жылдары Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақстан – Ресей ме¬дициналық универси¬теті) Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының негізін қалап, оның алғашқы меңгерушісі болды.
2005 жылдан бастап Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру инс-титутының нарық фармация¬сын бағалау бағытындағы клини¬калық фармакология кафед¬расын ұйым¬дастырып, кафедра басқарды. Бү¬гінде Қайролла Дүй¬сенбайұлы – ҚазҰМУ-дың Клини¬калық фар¬¬макология кафедрасы¬ның меңгерушісі.
Бірнеше шәкірт тәрбиеледі. Оның шәкірттері – бүгінде ғылым кандидаттары, докторлары, PhD докторанттар. «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деп Бауыржан Мо¬мышұлы айтқандай, олар ұста¬зынан алған ғылыми тәжірибелерін әлі де шыңдай түсіп, биік белестерді бағындырып жүр. Бірқатары еліміздің іргелі және қолданбалы ғылымын дамытуға үлес қосып, педагогика, ұйымдастыру, бас¬шылық қызметтерде жұмыс істеп жүр.
Қайролла Дүйсенбайұлы бас¬қару саласында да біліктілігімен танылды.
1978-1987 жылдары ҚазКСР-ының Қазақ онкология және ра¬диология ғылыми-зерттеу инсти¬тутының Комсомол комитетінің хатшысы, 1988-1991 жылдары Алматы облысы Жас ғалымдары және маман-дәрігерлері кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1993-2003 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Мем¬лекеттік фармакология коми¬тетінің бірінші төрағасы болды. Ол еліміздегі Мемлекеттік фар¬макология комитетін ұйымдас¬тыруға белсенді түрде қатысты. Отандық және бүкіл дүниежүзінің фармацевтикалық фирмаларынан түсетін әртүрлі қалыптағы дәрілерге фармакологиялық тұрғыдан са¬раптама жасап, сапасын, жанама әсерін тексеріп, қолдануға бола¬тыны жөнінде ұсыныс жасайтын ұйымға айналдырды. Осыған байланысты ол халықаралық симпозиумдер, съездер, семинарлар мен конференциялар ұйымдас¬тырып, олардың жұмысына жетек¬шілік етті. Академик Қ.Рахимовтың жетекшілігімен Фармакология комитеті халықаралық жүйе және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талабы бойынша отандық және шетелдік дәрілік заттарды тіркеу бойынша тек республикада ғана емес, сонымен қатар ТМД-да жетекші сараптау орталықтарының біріне айналды.
2004-2005 жылдары Қ.Рахимов Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы бас директоры¬ның ғылыми істер жөніндегі орын¬басары, 2006 жылдан бастап өзі қайта ұйымдастырған Биологиялық зерттеулер орталығы жанындағы Биологиялық бақылау, серти¬фикаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасының директоры болып тағайындалды. Осы құрылымды басқара отырып, Алматы мен Астанада медициналық, биологиялық және агротехникалық мекемелер іске асыратын ірі жо¬балардың орындалуын үйлестірді. 2007-2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің бас фар¬макологы ретінде дәрілер жөнінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Химия ғылымдарының док¬торы, профессор, ҰҒА академигі С.Әдекеновпен бірге «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінде қатерлі ісікке қарсы отандық жаңа табиғи препаратқа
25 жылдан аса іздестіру жүргізілуде және әрі қарай фармакогенетика тұрғысынан ғылыми зерттеулер жалғастырылуда. Осы мекеменің фармакология зертханасының бас ғылыми маманы ретінде гранттық жобаларға, бағдарламаларға қа¬тысты. Ол негізін қалаған қазақ¬стандық клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер фар¬ма-кология және фитофармаколо¬гия ғылыми мектебі жаңа отандық дәрілік заттарды жасау бойынша табысты қызмет етуде.
Қайролла Дүйсенбайұлы 1995 жылдан бастап Қазақстан дә¬рігерлері мен провизорлары қа¬уымдастығының вице-президенті, Қазақстан Фармакологтар және фармацевтер қауымдастығының президенті.
Ғалымның қажырлы еңбектері елеусіз қалған емес. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лау¬реаты, «Алтын дәрігер» құрметті атағының иегері. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерінің тапсырылуы – оның талай жылғы еңбегі жанғанының айғағы. Бұдан бөлек, Қайролла Дүйсен¬байұлы – Павлодар облысының және Баянауыл ауданының Құр¬метті аза¬маты, Ұлттық ғылым академиясы¬ның академигі.
Қайролла Рахимов – отандық фитопрепараттардың дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ірі ғалым, талантты педагог. Сондай-ақ фитофармакология саласы бойынша қазақстандық ғылыми мектептің негізін қалаушы. Сон¬дықтан ғалымның көрнекті де қай¬таланбас, өзгелерден ерекшеленіп тұратын өмір жолы – келешек ұр-паққа қашан да үлгі.
Ж.ҚАЙЫРЖАНОВА,
медицина ғылымдарының докторы, профессор
https://aikyn.kz/2018/03/03/44975.html  

Просмотров: 146 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]