Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:07
Қатерлі ісік ауруларына тексеріліңіз.

Қатерлі ісік ауруларына тексеріліңіз. Қазан айында қазақстандықтарды тегін қарайды

20 қазан күні Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде Ашық күндер өтеді. Әйелдер көрсеткіш бойынша тегін маммологтың кеңесіне жүгіне алады, сонымен қатар тегін УЗД, маммография өте алады. Нақты уақытын онкологиялық диспансерлерден анықтауларыңызға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазан айын – сүт безінің қатерлі ісігі туралы ақпаратты білу жоғарылайтын кезең деп белгіледі.
6 және 12 қазан күндері 9.00 – 14.00 уақыт аралығында сүт безінің қатерлі ісігімен күресу айына орай Денсаулық сақтау министрлігінің Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Ашық күндер өтеді.
Тегін кеңес беруді институттың жетекші мамандары – білікті маммологтар жүргізеді. Патология белгілері анықталған жағдайда УДЗ, маммография және көрсеткіш бойынша биопсияның түрлері тегін болады.
Егер әйелдерде отбасылық тарих болса, онда оларға институтта сүт безі қатерлі ісігіне байланысты генетикалық бейімділікке тест тапсыруларына болады.
Мекенжай: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шағабудинов көшесі қиылысында. Қабылдау-кеңес беру бөлімі.
Қазақстан бойынша онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі бірінші орын алады. Жыл сайын республикада жаңа 4000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер тіркеледі. Бұл аурудан елімізде жылына 1400-ге дейін адам қайтыс болады.
Қазақстанда 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда 1 рет тегін маммографиялық тексеруден өтіп тұрулары қажет.

Stan.kz​​​

Просмотров: 9 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]