Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:24
Астанада Қытайдың дәстүрлі медициналық орталығы ашылды

07.06.2017

 Бұдан былай ем іздеп Қытайға сабылудың қажеті жоқ. Астанада аспан асты елінің дәстүрлі медициналық орталығы ашылды. Мұнда күрделі аурулардың диагностикасы мен емдеудің таңдаулы әдістері жүргізіледі. Дәстүрлі қытай медицинасы әлемнің 140 елінде мойындалған және заманауи медицинамен қатар қолданылады. Бұл қызмет енді жерлестерімізге де қолжетімді бола түсті. Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Мемлекеттік хатшы қытай медицинасының тамыры тереңде жатқанын және мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибеге негізделгенін атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Аталған медицинаның философиясы бізге жақсы таныс, онда адамзат тұтас қоршаған ортамен тығыз байланыста зерттеледі. Сол себепті бізде ғылыми медицинамен қатар баламалы медицина түрлері де болу керек. Бұл орталықтың ЭКСПО қарсаңында ашылуы да есте қаларлық. Орталықтың ашылуы қазақстандық тарап үшін барлық жағынан тиімді. Біріншіден, науқастар ем іздеп бұрынғыдай шекара аспайды. Сәйкесінше оған жұмсалатын ақша да елде қалады. Сонымен қатар дәрігерлеріміз теңдессіз тәжірибе жинайды. Өйткені олар орталықта қытайлық мамандармен бірге қызмет көрсетеді. Ең бастысы – халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған нақты қадам.

Валерий Бенберин, ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының басшысы:

- Алуан түрлі массаждар, ине-рефлекс терапиясы, психикалық-физиологиялық ем түрлері ұсынылады. Одан бөлек, орталық жанында әлемге танымал TongRenTang емдік шөптер дәріханасы жұмыс істейді. Бұл Қазақстан аумағында ашуға рұқсат берілген бірден бір дәріхана. Орталықта әзірге 5 қытайлық дәрігер қызмет көрсетеді. «Уақыт өте олардың қатарын арттыру мәселесін екіжақты талқылаймыз», – дейді жауапты мамандар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ерлан Наурызбаев

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/181101-astanada-ytajdy-d-st-rli-meditsinaly-ortaly-y-ashyldy

 

 

Просмотров: 1031 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]