Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 31 » Қарақұрт шақса, дереу дәрігерге қаралыңыз…
16:52
Қарақұрт шақса, дереу дәрігерге қаралыңыз…

Жаз айында адамдарды улы жәндiктердiң шағу оқиғасы жиiлеп тұр. Соның iшiнде ең қауiптiсi – жылан мен қарақұрт. Былтыр өңiрiмiзде 25 адамды қарақұрт шағып, ауруханаға жатып шыққан едi. Биыл да бiрнеше науқас ем алуда.

Қарақұртулы қара өрмекшi. Пiшiмi шағын, түсi қара, денесiнен қызыл дақтарды көруге болады. Ұрғашы қарақұрт еркегiне қарағанда улы болып келедi. Ұрғашы қарақұрт шақса, түйе мен жылқыны да сеспей қатырады.

Қарақұрт шаққан адамның 10-15 минут өткен соң iшi мен кеуде тұсы ауырып, аяқтарының жаны кетiп, тырысып қалады. Терiсiнде қызыл дақтар пайда болып, басы айналады. Оған дер кезiнде жедел жәрдем көрсетiлмесе, ересек адам 7, ал, балалар 5 күннен кейiн өлiп кетуi мүмкiн.

Бұл жәндiк әсiресе, жаз айларында белсендi болады. Күннiң ыстықтығы оларға қосымша қуат бередi. Табиғат аясына серуенге шыққанда қауiпсiздiк үшiн киетiн киiмге де мән берген жөн. Жеңi ұзын киiм мен аяқ киiмнiң де жабық түрiн таңдаған дұрыс.

Ертеректе жайлауға шыққан ата-бабаларымыз ол жерге ең алдымен қойларын жайып алған. Өйткенi, қарақұрт қойдың иiсi шыққан жерге мүлде жоламайды. Үйдi де қойдың жүнiнен жасалған арқанмен қоршап қоятын болған. Осы тәсiлдi табиғат аясына демалушылар қолданса әбден болады.

Дәрiгерлердiң айтуынша, қарақұрт шағып алса, ауруды басатын дәрi және көп мөлшерде су iшу керек. Сонда ғана ағзадағы у табиғи жолмен шығады. Қарақұрт шаққан жердi спиртпен сүртiп, залалсыздандырған дұрыс. Қарақұрт шаққан адамды мiндеттi түрде жақын маңдағы аурухананың токсикология бөлiмiне жеткiзу керек. Мүмкiндiгiнше уақыт өткiзiп алмаған жөн.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында қарақұрт шаққан тұрғындар арасында адам өлімі орын алған жоқ.

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/karakurt_shaksa_dereu_darigerge_karaliniz20170827_212300

Просмотров: 54 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.