Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:44
Ғалымдар: Адам 10 жылдан кейін рак пен қартаюды жеңе алады

Genome Project-тің жетекші ғалымдары 10 жылдан кейін вирустарға, обырға, қартаюға, радиация мен қатып қалуға төтеп бере алатын жасушалар өмірге келуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ғалымдар ішек таяқшасындағы жасушаларға тәжірибе жасап, нәтижесімен бөлісті. Мамандардың сөзіне сенсек, бактерия геномына 321 өзгеріс жасалған. Бұдан кейін жасуша вирустарды қабылдамайтын күйге жеткен. Алайда генетиктердің айтуынша, адам геномын қайта бағдарламалау үшін көп күш жұмсау қажет.
“Адам геніндегі әр ағуызды қайта бағдарламалау шамамен 400 өзгерісті талап етеді”, – дейді Гарвард медицина университетінің профессоры Джорд Черч.
Мамандар қалаған нәтижеге шамамен 10 жылдан кейін қол жеткізуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ, генетиктердің сөзіне қарағанда, адамның генін радиацияға, қартаюға, суыққа төзімді әрі обырдың дамуын алдын алатындай жағдайға жеткізуге болады екен.

http://stan.kz

Просмотров: 80 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]