Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:49
Алматы стационарларында былтыр 1,5 мың шетелдік емделген

Алматылық дәрігерлер шетел азаматтарын емдеуде өзіндік рекорд орнатты. «Былтыр 1,5 мыңға жуық шетелдік азамат қала стационарларында ақылы түрде емделген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда екі есе көп», - дейді дәрігерлер. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының алқа кеңесінде айтылды. Медициналық туризм аясында жоспарлы түрде келіп, дертіне шипа іздеушілер саны да артып келеді. Олар көбіне гинекология, урология, травматология және бет-жақ хирургиясы мамандарының көмегіне жүгінеді. Жалпы Алматының емханалары күніне 140 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетсе, ауруханаларда әртүрлі бағытта 250 операция жасалып жүр.

Алмат Құдасбаев, қалалық кардиология орталығының директоры:

- Бір жылда 5 мыңнан астам адамның жүрегіне әртүрлі операция жасалынды. Оның 4700 коронарография және стендтеу операциялары жасалды. Көрсетілген емнің нәтижесінде мыңдаған қала тұрғынын өлімнен алып қалып отырмыз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/165465-almatyny-ala-statsionarlarynda-1-5-my-sheteldik-emdelgen

 

Просмотров: 1021 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]