Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:27
АЛҒЫСҚА ЛАЙЫҚ АҚ ХАЛАТТЫЛАР

 

Адам баласы тіршілікте екі нәрсенің қадірін біле бермейді екен. Оның бірі – денсаулық болса, екіншісі – уақыт. Жарты жылдан астам уақыт біз де дәрігердің көмегіне жүгінумен келеміз. Отанамыз Сұлу қажы Әбдіразаққызы былтыр қазан айының соңғы онкүндігінен бері үш-төрт мәрте аурухана төсегіне таңылды. Ақыры облыстық медициналық орталықтың №1 жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық. Шұғыл тексе­рулерден өткізіп, оң бүйрек жұмыс істемейді деген тоқтамға келген дәрігерлер қауымы ота жасайтын болып шешті. Бір дәрігер тас бар, екіншісі жарық бар, енді бірі төмен түскен деп осы кезге дейін бол­жам жасалып келген бүйректен ақыры уролог дәрігерлер 800 грамдай қанды ірің алдық деп түтік салып қойды. Сонымен алғашқы отадан үш ай өткенде медициналық орталықтың урология бөліміне қайта жатып, ақыры оң бүйректі алдыруға тура келді.

Жалпы, адам баласында алдымен оң бүйрек кеселге ұшырайды екен. Әуелі Алла Тағаланың қалауымен, содан соң өз ісінің білгірі атанған алтын қолды дәрігерлер біліктілігінің арқасында бүгінде отана­мыз біртіндеп сауығып келеді. Адамға жан жадыратар жылы сөз айту, ерекше мейіріммен жақсылық жасау – сауапты іс деп жатамыз. Сол айтпақшы, күнделікті қызмет барысын­ да ондаған сырқат жандарға қамқор қолын созып, құрметке бөленіп жүрген облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова, орталық директоры Нұриддин Әмитов, урология бөлімінің меңгерушісі Исахмет Валишаев, емдеуші дәрігер Еркін Ысқақов, реаниматолог-анестезиолог Әуесхан Сатмағамбетов, сондай-ақ Қызылорда қалалық ауруханасы бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Гүлнар Ыбыраеваға сүйікті басылымым – облыстық «Сыр бойы» газеті арқылы отбасымыздың атынан алғыс айтқым келеді.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ,

ҚР Мәдениет қайраткері

«Сыр бойы»

Просмотров: 11 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]