Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:02
«АИТВ (ВИЧ) инфекциясының бизнеске әсері»

Бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциясы өтті

2018 жылдың 27 ақпанында  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен  «АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу, алдын алу жолдары. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі бойынша 2017 жылы Қазақстанның алған орны. АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыбында баспасөз-конференциясы  өтті. Конференцияны ЖИТС орталығының бас дәрігері А.Т.Амитов ашты, шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, облыстық наркология диспансерінің тері-венерология диспансерінің ЖИТС-ке жауапты мамандары қатысты. ЖИТС  орталығының мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақстан» және «Қоғам ТВ» телеарналары, «Сыр бойы», «Халық», «Ақмешіт ақшамы», «Сыр дидары» газеттерінің тілшілері қатысты.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Балықбаева С.Ш АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, Қазақстандағы және облыстағы індеттік ахуалы, жұғу, алдын алу жолдары, 2017-2018 ж.ж Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі бойынша Қазақстан Республикасының рейтингі. АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері тақырыптарында  қатысушыларға жалпы түсінік беріп, таныстырып өтті. Сонымен қатар тілшілер мамандарға АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу, оны болдырмауға деген қандай жұмыстар жүргізіліп жатырғандығы туралы көптеген сұрақтар қойып, сұрақтар талқыланып, мамандар тарапынан өз жауаптары берілді.

Қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар, пресс-релиз таратылды.

 

А.ОРАЗАЛИЕВА,

 ЖИТС орталығының

Баспасөз хатшысы

Просмотров: 119 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]