Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:18
АДАМ БАЛАСЫ ҚҰЙЫМШАҚТАН ЖАРАТЫЛАДЫ

Құйымшақадам бойындағы ешқашан шірімейтін жалғыз мүше. Нәрестенің құрсақта дамуы осы құйымшақтан басталады екен. Ал, қиямет күні адамзаттың қайта жаратылып, түзілуі де осы мүше арқылы болмақ. Яғни, өсімдіктің өсіп шығуына тұқым қалайша себепші болса, адамның да қайта жаратылуына осы құйымшақ себеп.

Оған дәлел бірде саңлақ сахаба Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сүрдің бірінші үрленуі мен екінші рет үрленуі арасында қырық уақыт бар», – деген хадисін жеткізеді. Сонда сол жерде отырған сахабалар: «Уа, Әбу Һурайра, қырық уақыт деген не? Қырық күн бе?», – деп сұрайды. Бұған Әбу Һурайра: «Нақты ештеңе айта алмаймын», – дейді. Отырған сахабалар да: «Әлде қырық жыл ма?», – деп сұрайды. Әбу Һурайра тағы да: «Ештеңе дей алмаймын», – деп жауап береді. Сахабалар тағы да: «Әлде қырық ай ма?», – дейді. Бұған да ол: «Ештеңе айта алмаймын», – дейді, сосын хадисті әрі қарай жалғастырып: «Осы уақыт ішінде адамның құйымшағынан басқа барлық жері шіріп, жоқ болады. Бұдан кейін қайта жаратылу басталады. Бұл жаратылыс адамның осы құйымшағынан басталады. Сосын Алла Тағала көктен жаңбыр жаудырады да барлық адамзат өсімдіктер секілді қайта жан бітіп тіріледі», – дейді (Бұхари, Мүслім).
Мүслімнің сахих хадистер жинағында кездесетін тағы бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ қана шірімейді. Адам құйымшақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады», ­– дейді (Бұхари, Мүслім).

Ел аузында ақырзаман туғанда бір жылқының тұяғының астынан 1000 адам тіріліп шығады деген әңгіме бар. Яғни, адамдар құйымшағы арқылы шығуы мүмкін.

Әлемдік ғалымдар да құйымшақтың қасиетін зерттеген. Қытайлық зерттеушілер құйымшақты қуатты радиоактивті сәуленің астында ұстаған. Сосын күшті химиялық қышқылдарға салған. Нәтижеде адамның бұл сүйегін түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес деген қорытындыға келген. Ағылшын микробиолог-ғалымдарының да тәжірибелері осыны көрсеткен. Олар адам мәйітін 6000 градустық отта да өрттеп көрген, 286 градус суықтықта да ұстап көрген. Алайда, бәрібір құйымшақтағы тіршіліктің белгілерін жою мүмкін емес болған. Демек, бұл зерттеулер де құйымшақтың шірімеуін ғылыми түрде дәлелдеп отыр.

Гүлхан ЯХИЯЕВА.

http://osken-onir.kz/adam-balasy-jymsha-tan-zharatylady-3/

Просмотров: 1038 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]