Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 15 » АДАМ АҒЗАСЫНА ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР ҚАЖЕТ?
12:34
АДАМ АҒЗАСЫНА ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР ҚАЖЕТ?

Біздің тамақтануымыз, көбінесе, біркелкі, жоғары колориялы және пайдасыз келеді. Шамадан тыс тұ­тын­ғанда зиянды әсер ететін картоп, макарондар, тазартылған күріш, т.б өнімдер, жұмыс кезіндегі бірасарлар немесе көшеде жолай жей салатын бәліштер, тәтті орама нандар және бутербродтармен ұдайы ішілетін шәй-заманауи адамның өмір салты осындай. Бұл өнімдердің құра­мын­да болатын тұздың, қанық­қан майлардың, қарапайым көмір­су­лар мен консерванттардың мол мөлшері жүрек қантамыр дертіне (гипертония, атеросклероз, инсульт, инфаркт т.б) семіздікке, қант диабетіне, онкологиялық және басқа ауруларға ұшыратуы мүмкін. Ал өнімдерді дұрыс таңдай білу, керісінше адам ағзасының барлық жүйе­лері­нің жұмысын жақсарта алады.
МИДЫҢ ҚОРЕКТЕНУІ
Ми-адамның ең маңызды ағзасы. Ол ойлау, жоспарлау, шешім қабылдау, қимылды үйлестіру және басқару секілді қызмет түрлерін орындайды.
— Грек жаңғағы. Олардың құрамында мол мөлшерде көп қанықпаған май қышқылдары оның ішінде, омега-3 болады, олар мидың қа­лыпты қызмет етуін қолдайды және орга­низмнің қартаю үрдісін тежейді.
— Қаражидек. Оның құрамында магний, мы­рыш, темір және В тобы дәрумендерінің мол мөлшері болуына сай есте сақтауды жақсартуға ықпал етеді, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға мүмкіндік береді.
— Тауық жұмыртқасы – лютеин және холин секілді ми үшін қажетті заттектердің көзі. Лютеин инфаркт пен инсульттің қаупін азайтады, тромбы пайда болуына кедергі келтіреді, холин есте сақтау қызметі үшін маңызды.
— Қара шоколад (какаоның мөлшері 70%-дан астам)- ми қызметінің ынталандырғышы. Ол ми жасушаларын белсендіреді, қан тамырларын кеңейтеді,миды оттегімен қамтамасыз етеді.
ЖҮРЕКТІҢ ҚОРЕКТЕНУІ
Жүрек-қан айналым жүйесінің басты ағзасы, ол табиғи айдағыш құрал тәрізді, қанды тамырлар бойымен айдауды жүзеге асырады.
— Қызанақтардың құрамында көптеген орга­ни­калық қышқылдар мен дәрумендер: В9, В1, В6, В3, С, А, т.б бар. Ішіндегі аса құндылықты болып саналатыны — ликопин, ол жүрек-қантамыр ауруларының пайда болуының алдын алады.
— Грек жаңғағының қандағы зиянды хо­лес­теринді азайтатын қабілеті бар.
— Алманың құрамында калий, алма қышқылы, пектиндер (уытты заттектерді байланыстыруға қабілетті тағамдық талшықтар) бар, осыған сай қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін азайтады, ісінуді басады, артериялық қысымды реттейді.
— Көк шәй жүректің жұмысы үшін аса пайдалы. Шәйдің құрамындағы таниндер қан тамырларын нығайтады, катехиндер жүректі қорғайды және қан тамырларын бос радикалдардан қорғайды. Қара шәйға қарағанда көк шәйдағы кофеин мөлшері аз болады.
АСҚАЗАННЫҢ ҚОРЕКТЕНУІ
Асқазан – бұлшық етті қуыс ағза, мұнда асқазан сөлінің әрекет етуінен астың қорытылуы басталады және көптеген маңызды метаболизмдік үрдістер өтеді. «Асқазанның саулығы – организм саулығының кепілі» деген сөздің мәні айқын. Асқазанның саулығы мен қалыпты қызмет етуі үшін келесі өнімдер қажет:
— Брокколи. Құрамында кальций, фосфор, магний, В3 және В5 дәрумендері, С дәруменінің мол мөлшері, фолий қышқылы, бета-каротин бар.Ісіктерге қарсы әсері бар.
— Қырыққабат. Құрамында фолий қышқылы, С дәрумені, сондай-ақ, йод бар. Ас қорытуды жақсартады, қалдықтарды жояды.
— Киви калийге, магнийге, фосфорға, С дәруменіне, сондай-ақ, ас қорыту ферменттеріне бай. Астың жылдам ыдырауына ықпал етеді, осылайша, асқазанның жұмысын жеңілдетеді.
Асты мөлшерден артық ішу әдеті, зиянды өнімдерді тұтынуға бейімділік көптеген аурулардың даму қаупін арттырады, олардың барысын ушықтырады. Дұрыс тамақтану дегеніміз – тағамның алуан түрлі, үйлесімді, толыққанды болуын және мөлшерге сай болуын қадағалау, бұл- аурулардың алдын алудағы басты табиғи және қауіпсіз шаралардың бірі.
САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ-АДАМНЫҢ ЖО­ҒАРЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖӘНЕ ӨЗІН СЫЙЛАЙ БІЛУІНІҢ БЕЛГІСІ!

Ұ.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
облыстық жастар денсаулығы орталығы Қармақшы құрылымдық бөлімшесінің дәрігері

http://qarmaqshy-tany.kz/adam-a-zasyna-andaj-nimder-azhet/

Просмотров: 36 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.