Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:17
Ақылды емхана – "Cobe Health"

Start up жобалар
Еліміз түрлі салаларды сандық технологияға көшіруді мықтап қолға алды. Нәтижесінде "Ақылды қала", "Ақылды үй" жобалары қолданысқа еніп, жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сеп болуда. Мәселен, қаламаыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Фархад Ділман, Дилярам Хамитова, Алик Ахметов бірлесіп,Cobe Health"деп аталатын "Ақылды емхана" жобасын ойлап тапты. Аталған жобаның басты мақсаты емханада ем-дом алып жатқан науқастар менмүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдесу болып табылады.

Тілші: "Ақылды емхана" жобасы қалай пайда болды? Қаншалықты тиімді?

Фархат Ділман:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау эксминистрі Тамара Дүйсенова ханымның теледидарданхалықтың 10 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтар деп атйқанын естіген болатынмын. Осы ақпаратты білусол мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру салтын жақсарту, емханада ем алу барысында туындайтын түрлі мәселелердің қандай да бір бөлігінжетілдіру мақсатында іс-әрекеттер кешенін жасау қажеттігі туралы ой болған болатын. Кейіннен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен "HackDay" жобасы өтетінін естіп,қатысуға шешім қабылдадық. 24 сағатқа созылған сайыста бастапқыда медициналық карточкалардың электронды қорын әзірлегіміз келген болатын. Содан бір ой бір ойды қуалап, мобильді қосымша арқылы басқарылатын ақылды емхана жобасын жасау идеясы пайда болды. Жоба негізгі үш компоненттен тұрады. Мобильді қосымша, веб-сайт және құрылғының өзі. Негізінде жоба дыбыс және іс-қимыл әрекеті бойынша басқарылатын модульдік құрылғыдан тұрады. Яғни дыбыс арқылы жарықты өшір немесе қос, керуетті көтер немесе түсір және кезекші дәрігерді шақыр деген бұйрықтарға жауап беру қарастырылған. Сондай-ақ, бөлменің температурасын анықтап, дәрігер белгілеген ем-дом туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Тілші:Елімізде "Ақылды емхана" жобасы Астана қаласында енгізілді. Бұл екі жобаның айырмашылығы неде?

Дилярам Хамитова: Астана қаласында енгізілген "ақылды емхана" жобасында пульт арқылы яғни қашықтықтан нұсқау беру арқылы басқарылады. Ал біз ұсынған жоба ешқандай қосымша құрылғыны қажет етпейді, арнайы мобильді қосымшада тек дыбыстық бұйрықтарды беру жеткілікті. Ол үшін Android операциялық жүйісі негізіде жұмыс жасайтын арнайы "Cobe Health" мобильді қосымшасын жүктеп, біздің топ ұсынған арнайы керуеттерді енгізу қажет болады. Мысалы, біздің емханаларда бір бөлмеде 2 науқас ем алады.Бір бөлмені мұндай инновациялық құрылғымен жабдықтауға шамамен 200 мың теңге қажет.Есесіне құрылғы ішкі-сыртқы жұмыстарды автоматтандырып, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартады. Кез келген науқас өз уақытын үнемдеу үшін дәрігерлердің қабылдауына веб-сайт арқылы онлайн режимде жазыла алатын болады. Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек тобы күшейтілген. Диагноз қою барысында дәрігерлерге шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті элементтерді қамтитын құралдар алынады. Бірыңғай мәліметтер базасында науқасқа жүргізілген дәрігерлік талдаулар, зерттеу нәтижелері болады. Жоба қолданысқа енсе, науқас жандардан бөлек мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрмысын жақсартуға болады. Өйткені құрылғыны тек емханада емес, үйде де қолдану қарастырылған.

Тілші: Дыбыс арқылы басқарылатын бұл жобаны алдағы уақытта жетілдіру ойда бар ма?

Алик Ахметов:Әрине, биыл Сүлейман Демирел атындағы университетінің ұйымдастыруымен өтетін "Infomatrix – 2018" байқауына қатысамыз деп жоспарлап отырмыз. Аталған байқауда осы жобаны әрі қарай дамытып, жергілікті аурухананың бір бөлігінде сынақтан өткізіп, оларды талдау нәтижелерінде жобаның мүмкіндіктер кешенін дамытқымыз келеді. Жобаны болашақта медицина саласында ғана емес, "Cobe office","Cobe home" деген атаулармен тұрмыстың түрлі салалары мен бағыттарында енгізу жолдарын да қарастырғымыз келеді. Әлемде өз халқына барынша жағдай жасап, тұрмыс-тіршілігін жеңілдеткен смарт-қалалар көп. Нью-Йорк осыдан 25 жыл бұрын компьютерлік басқару жүйесі арқылы тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етсе, Бостон ыңғайлы коммуналдық жүйесімен ерекшеленеді. Сан-Франциско қоғамдық көліктерге арналған тиімді бағдарламамен танылса, Рим көлік кептелісін түбегейлі шешу арқылы әлемге үлгі бола білді. Біздің "Cobe Health" жобамыз "Smart city"тұжырымдамасы аясында сұранысқа ие болса, медицина саласы заманауи құрылғылармен жабдықталып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға септігін тигізеді деп үміттінеміз.

Сұқбаттасқан: Айгүл ӘЛІШЕРОВА

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/1339-ayldy-emhana-cobe-health.html

Просмотров: 151 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]