Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:15
Ақылдан алжасудың негізгі себебін анықтады

Алкогольді шамадан тыс ішу салдарынан алжу қаупі айтарлықтай күшейеді. Франция мен Канаданың бір топ ғалымы осындай қорытындыға келді. Зерттеу нәтижесі жайлы мақала The Lancet Public Health журналына жарияланған.

Ғалымдар Франциядағы ауруханалардың 57 353 пациентінің денсаулық көрсеткіштерін сараптаған. Олардың барлығына жаңа басталған деменция (ақылдан алжасудың медициналық атауы) деген диагноз қойылған.

Зерттеушілер анықтағандай, бұл пациенттердің 38,9%-ы ішімдікке салынған, ал 17,6%-ы маскүнемдік салдарынан түрлі ауруларға шалдыққан. Осылайша жаңадан деменция басталған науқастардың 56,5%-ынан ішімдік пен алжудың арасындағы тікелей байланыс табылды. Ғалымдар бұл қорытынды ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты екенін айтады.

Авторлар адамдардың спиртті ішімдікті көп ішуіне тосқауыл қою керек және маскүнемдікпен қазіргі медицина арқылы күресу қажет деген қорытынды жасайды.

Baq.kz

Просмотров: 90 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]