Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 19 » Ақтөбелік имам 12 жыл бойы соқырлықтан емделе алмай жүрген кейуананың көзін шайдай ашқан
10:02
Ақтөбелік имам 12 жыл бойы соқырлықтан емделе алмай жүрген кейуананың көзін шайдай ашқан

Бақытжан Демесинов Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында имамдық қызмет атқарған. Жалақысы аз имам отбасын асырау үшін хиджама салып, қосымша күн көру əрекетін жасағанын жасырмайды. Бүгінде хиджама салу Бақытжанның басты кəсібі. Ол имамдық қызметтен бас тартып, қан алумен айналысады. Қазір Ақтөбе облысының барлық өңірін аралап ем жүргізіп жүр.

«Мені Бершүгір ауылына шақырды. 12 жылдан бері 78 жастағы əженің көзі көрмейді екен. Көзге əсер ететін нүктелерден қан алдық. 20 банка салып, 40 минут бойына қан алынды. Келесі күні əженің өзі хабарласып тұр. «Таңертең ұйқыдан тұрғанымда 6 метр жерде тұрған немеремді тап-таза көрдім» деп жылап батасын берген»,-дейді Бақытжан Демесинов.

Айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болмаған.

«Жаңажолға барған кезімде де осындай жағдай болды. 87 жастағы ақсақалдың оң көзі бұлдырлап, сол көзі мүлде көрмейді екен. Оң көзінен 3 банка, сол көзінен 8 банка қан шықты. Қан алып жатқанда ол кісі жылады. «Балам, көзім көріп келеді» деген. Кейін ол кісінің де көзі көріп кетті. Хиджаманы барлық ауру түріне салуға болады. Əр жағдайда əсер ететін өз нүктелері болады. Балаларға 14 жастан саламыз. Егер қатты ауырған жағдайда ғана 6 жастан салуға болады», — дейді ол.

Бақытжан Демесиновтің хиджама салумен айналысқанына 12 жыл болған. Ол 9000-нан аса адамға ем жүргізген.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

http://aktobenews.kz/?p=54222

Просмотров: 60 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.