Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:30
Ақтөбеде шетелдік дәрігерлер шеберлік сағатын өткізді

05.06.2017

Ақтөбеде түрлі ашық жарақаттан қаза болатындар саны артқан. Жол-көлік оқиғалары мен басқа да оқыс оқиғалардан ауыр жараланғандарға көмек көрсетуде жергілікті мамандардың біліктілігі жеткіліксіз. Осыған байланысты өңірде 6 елдің үздік мамандарының қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтіп жатыр. АҚШ, Оңтүстік Корея мен Германия, Ресей мен Қытай, Түркия елдерінен келген травмотолог-ортопедтер мен хирург дәрігерлер жергілікті әріптестеріне шеберлік кластарын өткізеді. Дертті анықтау мен заманауи ем концепцияларымен бөліседі. АҚШ-тың Сент Луис қаласының медицина университеті емханасының профессоры, медицина ғылымының докторы Жолдас Кульжанов сынықтары асқынған науқастарды қабылдап, тегін кеңес өткізді. Кездесу аясында әріптестік қарым-қатынастық меморандумына қол қойылады.

Ерлан Сұлтангереев, облыстық аурухананың бас хирургі:

- Келісім бойынша осы Қазақстан Республикасының мамандары білімді жетілдіруге осы Америка Құрама штатына және Қытай Республикасына барып, білім алады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180657-a-t-bede-sheteldik-d-rigerler-sheberlik-sa-atyn-tkizdi

Просмотров: 877 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]