Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2018 » Ақпан » 8 » АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:21
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Әбдусәметовтің, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиевтің және осы филиалдың емдеуге жатқызу бөлімінің басшысы Талғат Көшекбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, мамандар Елбасы тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласын цифрлы бағдарламаға көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі.

Жалпы, саланы медициналық ақпараттық жүйемен қамту электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясына сәйкес 2016 жылдан бастап қолға алынған. Салада 22 республикалық ақпараттық жүйе енгізіліп, жұмыс істеуде.

Оған қоса, электронды денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде жергілікті ақпараттық жүйелер (кешенді медициналық ақпараттық жүйе, Жетісу, Көмек) енгізіліп, электронды амбулаториялық картасынан, электронды ауру тарихынан, электронды денсаулық паспортынан, электронды кезектен аумақ деңгейінде өтпелі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін үлкен құралдар спектрі бар. Бүгінде емделушілер тіркелім емханасын дербес таңдауды, дәрігерлердің қабылдауына телефон арқылы жазылуды «электронды үкімет» порталы және облыстың медициналық порталы арқылы дербес жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда облыс бойынша жергілікті медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу көрсеткіші 95 процентті құрап отыр,– деп атап өтті Жақсылық Әбдусәметов.

Сондай-ақ, аймақта медбикелер мен ата-аналарға балаларды күтуге арналған "Патронажды медбике" мобильді қосымшасы тиімді іске асуда. Бұл туралы баспасөз мәслихатында республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиев мәлімдеді.

Мобильді қосымша арқылы жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына қатысты деректер жиналады және тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, ол 3 жасқа дейінгі балалар денсаулығын, отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, жүкті әйелдің денсаулығына қауіп-қатерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мобильді қосымшамен барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медбикелері жұмыс істей алады. Сондай-ақ, «Патронажды медбиеке» арқылы болашақ аналарға, жалпы ата-аналарға видео және оқу материалдары түрінде көмек алады.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://syrboyi.kz/negizginews/17548-aparatty-zhyemen-amtu-aryndy-zhrgzlude.html

Просмотров: 10 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.