Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:25
АҚХАЛАТТЫЛАРДЫҢ АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАДЫ

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында мерекелік жиын өтті.

Адам денінің дертіне дауа тауып, шипагер бола білген ақ халатты абзал жандарға ақжарма тілегін арнаған аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев:

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің күнін атап өту игі дәстүрге айналған. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Үмiтке үмiт жалғап, деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы дәрігерлер қауымы.

Шығыстың ұлы ойшылы Конфуций «Адамзатқа шапағат жасау – мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген екен. Ендеше, дәл осы философиялық тұжырым сіздер сияқты өз істеріне адалдық пен ержүректік танытқан абзал жандарға арнап айтылса керек. Сол үшін елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі қай уақытта болсын үлкен дайындықпен, мерекелік көңіл-күймен аталып өтіледі. Бүгінгі ауданымызда ұйымдастырылып отырған салтанат та дәрігерлер қауымының құрметіне арналып отыр.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Халық денсаулығы ол – Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», – деп атап көрсеткен болатын. Бұл ақиқатында солай. Бүгінде ұлттық құндылығымыз – баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде сіздер атқаратын істердің маңызы зор, – дей келе, аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» сала қызметкерлерін марапаттады.

Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Кенжебайқызы, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов құттықтау тілектерін арнап, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ комитетінің, аудандық аурухана бас дәрігерінің және аудандық денсаулық сақтау кәсіподағы комитетінің «Алғыс хатын» бір топ дәрігерлер мен мейірбикелерге тапсырды.

Мереке иелерінің құрметіне осы салада қызмет етіп жүрген өнерлі жандар концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

http://qazaly.kz/a-halattylardy-abyrojy-as-a-tady/

Просмотров: 883 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]