Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 22 » 21-6-45 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ АШЫЛДЫ
21:29
21-6-45 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ АШЫЛДЫ

Аудан орталығындағы «103» жедел жәрдем орталығының қызметі облыстық Жедел жәрдем станциясына ауысуына байланысты аудандық емхананың бірінші қабатында «Жедел жәрдем кабинеті» ашылды. Жедел көмек көрсету кабинетінде 1 дәрігер, 2 фельдшер, 1 медбикеден тұратын бригада және жедел жәрдем автокөлігі қызмет атқарады.

Жедел шақырту бригадасының құрылу мақсаты: емханаға шұғыл кезек күттірмейтін жағдайда келген науқастарға және созылмалы ауруы бар науқастардан түскен шақыртулар бо­йынша көмек көрсету.

Таңертең сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00 дейін созылмалы ауруы бар науқастардың ауруы өршіп, емханаға баруға мүмкіндік болмаған жағдайда 103 нөміріне хабарласпай «21-6-45» телефон нөмірі арқылы жедел көмек көрсету бригадасын шақыртуға болады. Емхана бригадасы шақыртуға барғанда, жедел түрде тиісті көмек көрсетіліп, науқастардың жағдайы аймақтық медициналық қызметкерлерге хабарланады және әрі қарай тексерулерден өтіп, емделіп бақылауға алынады.

Сондай-ақ, «103» телефоны арқылы қайғылы оқиғалар, жарақаттар немесе уланулар, науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына қатты зиян келтіретін аурулардың өршуі, босану немесе жүктілік өтуінің асқынуы, жедел коронарлы синдромы орын алған жағдайда жедел көмек көрсету қызметін пайдалануға болады. Жедел көмек көрсету кабинеті аудандық емхананың бірінші қабатында 115-ші кабинетте орналасқан.

 

Серік БЕРТАЕВ.

http://zhalagash-zharshysy.kz/21-6-45-zha-a-zhedel-zh-rdem-yzmeti-ashyldy/

Просмотров: 60 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.